
Қазақстан • 23 Қараша, 2019
Қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді
17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп кеткен елордалық жүргізуші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook парақшасында жазды.
Үкімет • 23 Қараша, 2019
Өзбекстанда қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр
Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының жылы» эгидасының аясында қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр. Үкіметаралық келісімдердің шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты екі республиканың денсаулық сақтау, медициналық білім беру жүйелерінің диалогын дамыту және нығайту, сондай-ақ ауруларды жаңа технологиялар арқылы диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибе алмасу, деп хабарлады А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2019
Ақмолада ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланды
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Ақмола облысында жұмыс бабындағы сапарымен болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 22 Қараша, 2019
А.В. Затаевич жәдігерлерінің тұсаукесері өтті
Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын тойлау аясында «А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер», «А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері» атты бұрын соңды жарыққа шықпаған туындыларының тұсаукесері өтті.
Президент • 22 Қараша, 2019
Қ.Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 22 Қараша, 2019
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау шаралары қалай дамуда?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі бұл бағыттағы шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде балаларға арналған шағын және орташа оңалту орталықтар желісін арттыру т.б. іс-шаралар қолға алынды. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 22 Қараша, 2019
Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті
Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Парламент • 22 Қараша, 2019
Сенатор Сәуле Айтпаева тегін адвокаттар телефонын көтермейтінін айтты
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде болған дөңгелек үстел барысында адвокаттардың қызметі мен заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қараша, 2019
Қазақстан-Өзбекстан үкіметтік делегацияларының отырысы өтті
Нөкіс қаласында (Қарақалпақстан, Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 22 Қараша, 2019
Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сенаторлар Сәрсенбай Еңсегенов, Динар Нөкетаева және Сергей Плотников Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық 50-ші жалпы отырысына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.