Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20375 материал табылды

Қазақстан • 21 Қараша, 2019

Елбасы «Egemen Qazaqstan» газетін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады. Еліміздің бас басылымның мерейтойына орай өтіп жатқан салтанатты шарада Елбасы құттықтауын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді.

Президент • 21 Қараша, 2019

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 21 Қараша, 2019

Ержан Максимге қалай дауыс беруге болады

Польшада «Junior Eurovision 2019» байқауы басталады. Осынау халықаралық ән додасында еліміздің намысын жас әншіміз Ержан Максим қорғайды.

100 • 21 Қараша, 2019

Таралым һәм қаралым

Сандық технологияға сұраныс артып, сарытап болған басылымдар сөрелерде сол күйі сатылмай қалып жатқан тұста таралым туралы әңгіме қозғаудың өзі қаншалықты маңызды еді? Осы мақалаға отырар алдында дәл осындай қалың ойдың қақпақылында қалып қойған жайымыз бар-тын... 

100 • 21 Қараша, 2019

«Егемен» естен шықпайды

Павлодар облыстық «Қызыл ту» – қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде жұмыс істеп жүргенде «Социалистік Қазақстан» газетіне ара-тұра қысқа хабарлар жолдап тұратын едім. Өңірдің өндірістік ахуалы туралы «Сазына дейін сары алтын» дейтін көлемді дүние ұсындым. Мақала көп ұзамай жарқ етіп жария­ланды. Бас редактор Шерхан Мұртаза сол мақаланы оқып, «мына жігітті табыңдар» деп орынбасары Ержұман Смайылға тапсырма беріпті. Ерағаң қоңырау шалды. «Сол жақта жүре бересің бе, Алматыға келу ойда жоқ па? Шерағаң сені жұмысқа шақырып жатыр» деді.