
Театр • 02 Сәуір, 2024
Сахнада – «Махаббат, қызық мол жылдар»
Республикамыздағы үлкен өнер шаңырақтарының қатарынан орын алатын Атырау облыстық М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуары Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деп аталатын шығармасымен толықты. Бүгінде театр директоры қызметін атқарып отырған С.Көпжасаров пен көркемдік жетекші Т.Мұхтаров театр репертуарына ұлттық туындыларды енгізуге мән беруі – олардың ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын көрсетеді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Жер қатынастары бойынша арызданушы көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады... Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс «Адал азамат» дегеніміз - осы», деп атап көрсетті.
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024
Қоян жылының көктемі Абай облысына да оңай тиіп тұрған жоқ. Халықтың малы суға кетпесе де, салы суға кетіп, алдағы күндеріне алаңдаумен таң атырып, күн батырып жүр. Бұлай айтуға негіз де бар. Облыстың бірқатар ауданы тасқын судан зардап шегіп жатыр. Еріген қар суы Аягөз, Ақсуат, Жарма, Бесқарағай мен Бородулиха аудандарындағы ағайынды әбігерге салды.
Пікір • 02 Сәуір, 2024
Адалдық – азаттығымыздың қуаты
Сарайшықта өткен үшінші Ұлттық құрылтайдың жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адалдық кеңістігінің басты қуаты – «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұтастығында пайымды ой қозғап, озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады деген кесек пікір білдірді.
Тарих • 02 Сәуір, 2024
Түрікменстандағы «Алашорда» ісі
1939 жылдың 23 қыркүйегінде «өте құпия» грифімен Түрікмен кеңестік социалистік республикасының НКВД органдарында «Социалистік заңдылықтарды бұзу» істері бойынша тергеу қорытындылары жөнінде баяндама дайындалды. Бұл туралы НКВД әскерінің Түрікменстан Шекара округінің әскери прокуроры, І рангалы әскери заңгер Кошарский КСРО прокуроры М.Панкратьевке, Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының (РККА) Бас әскери прокуроры Гавриловтың атына 35-беттік баяндама жіберген.
Пікір • 01 Сәуір, 2024
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жат діни ағымдардың дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасап жатқан шабуылына төтеп беру үшін: «Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек», деп рухани дербестігімізді сақтаудың мәнін түсіндірді.
Тарих • 01 Сәуір, 2024
Бірегей тұлғаның айтылмай жүрген бір ісі
«Өзбекәлі және мәдени майдан» деген кітап туралы әр жерде естіп қалып жүр едім. Таяуда қолыма тиіп, оқып шықтым. Авторлардың (С.Керімбай, Ә.Нәби) кітапты жазу үшін әжептәуір дайындалғаны байқалады. Айтарлықтай еңбектеніп, деректер іздеп, кейіпкердің көзін көрген адамдармен жүздесіп, біраз ақпарат жинаған.
Таным • 01 Сәуір, 2024
Жақсы қасиет қайта жанданса игі
Кітап – баға жетпес байлық, асыл қазына. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады, сонымен қатар ол – парасат сарайы да. Жансарайыңды ашып, көңіл көкжиегіңді кеңейтетін нұрлы әлем.
Пікір • 01 Сәуір, 2024
Биыл 14-15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайда маңызды іс-шаралар айқындалып, бүгінгі қоғамның саяси әлеуметтік түрлі мәселелері көтерілді.
Таным • 01 Сәуір, 2024
М.Әуезовтің «Көк қасқыр» аудармасы табылды
2023 жылдың күз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Еркінгүл Солтанаева екеуміз ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын АР19679312 «Алаш қайраткерлерінің аударма еңбектеріндегі адамзатқа ортақ құндылықтар» ғылыми жобасы аясында іссапармен Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Орталық архивіне барып, аталған архивтен М.Әуезовтің қырғыз тіліндегі латын әрпімен жазылған «Көк қасқыр» шығармасын кездестірген едік.