
Тарих • 07 Наурыз, 2024
Жазушының шығармашылық қазынасы
Көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист, педагог, психолог, сыншы, аудармашы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы 8 наурызда Семей губерниясына қарасты Кереку уезінің Қызылтау болысындағы №1 аулында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жүсіпбек Аймауыт атындағы ауыл) дүниеге келген. Жергілікті адамдардың айтуына қарағанда, әкесінің азан шақырып қойған аты Оймауыт екен. Жазушының өзі: «Мен Сиыр жылының аяғында (1890 жылдар) Қызылтаудың баурындағы Қараның адыры деген жерде Дәндебай аулында тусам керек. Руым Сүйіндік, соның ішінде Күлік. Айдабол мен Күлік бір туысады. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлы – Айдаболдан. Екеуміз сегізінші атадан қосыламыз. Қазақтың фольклоршы публицисі, шежіреші ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлымен жетінші атадан қосыламыз. Кереку уезі, Семей губерниясы», дейді.
Білім • 07 Наурыз, 2024
«Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ ұғымында ұстаздың орны бөлек. Бүгінде мәртебелі мамандық иелеріне жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Әсіресе мектеп директорының жұмысы қиын. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, ата-аналардың көңілінен шығу, тұтас ұжымды басқару оңай емес.
Әдебиет • 07 Наурыз, 2024
Тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған тұлға ақын, ірі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің биыл 130 жылдығы. 28 жасында қазақ өкіметін басқарған жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салған ақынның өмірі небәрі 44 жасында «Үлкен террор» саясатымен қиылды.
Пікір • 07 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында: «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады», деген еді.
Жәдігер • 07 Наурыз, 2024
«Әдебиет танытқыштың» жоғалған беттері табылды
«Әдебиет танытқыш». Бұл – күллі Алаш баласына таныс атау. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кесек еңбегі. Ғалымның сүбелі дүниесі 1926 жылы Ташкентте жарық көрген. Қазақ әдебиеттануындағы іргелі де ізашар осы ғылыми туынды туралы алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар жиі жазған. Әсіресе А.Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі 36 жылда ұлт ұстазының ұшан-теңіз мұрасына ден қоюшылар легі көбейгені белгілі.
Тұлға • 06 Наурыз, 2024
Белгілі әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар одағының мүшесі, ескі әндердің насихатшысы Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Құныпия Қожахметұлы Алпысбаев Алланың жазуымен пәни жалғанның есігін жауып, бақиға бет түзегеніне қырық күнге жуықтады.
Пікір • 06 Наурыз, 2024
Кейінгі күндері қала көшелерінде веложолдар салу жиі сөз болып жатыр. Сол үшін көшелердегі жолды тарылтып, онсыз да қысылып, қымтырылған көліктердің жолын қыса түспек. Оның үстіне самокат мінген жаяу жүргіншілер көбейе түскен. Оларға да жол керек, әрине. Бұл ретте онсыз да тар көшені тағы да қыса түсу қаншалықты қисынды?
Тұлға • 06 Наурыз, 2024
Қаныш Сәтбаев және ел өнеркәсібі
Қазақстандағы ғылыми жетістіктердің көпшілігі, әсіресе біздің жеріміздегі ғасырлар бойы тұнып жатқан мол қазба байлықтарды зерттеп, игеру әлемге әйгілі тұлға – Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың есімімен, еңбегімен тікелей байланысты.
Сараптама • 06 Наурыз, 2024
БҰҰ зерттеуі: Электронды үкімет
Кейінгі он жылдықта электрондық үкімет әлемде қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елі электрондық үкіметті қолдана отырып, үкімет пен қызмет алушылар арасындағы қатынастар динамикасын жылдан-жылға арттырғаны байқалады.
Таным • 06 Наурыз, 2024
«Бұл – теңдессіз қаһарман адам»
Не көп, интернет жөнінде әңгіме көп. Ақпараттың алапат көзі екенін алдымен айтамыз. Қайдағы-жайдағының қоясын қопарып, керектіні де, керексізді де қоярда-қоймай қойынға тығып, ойыңа сұғып, ақыл-есті алатынын да айтамыз. Адамның шақшадай басының шарасынан шыға қалатындай шаруа емес сияқты көрінетін сол интернеттің өз ішінен өріп жататын өскіндері тағы бар ғой. Олардың бірі – YouTube. Көр-жерді көйіте береді деп кемсітуге қанша тырысып бақсақ та, бүгінде жұрттың жаппай көріп жатқаны дәл осы YouTube екенін мойындамаудың жөні жоқ. Бірыңғай жамандықтан, кемістіктен тұратын еш нәрсе болмайды мына әлемде. Интернет – ғажайып қазына. Ала білген адамға YouTube-тың ішінен оқығанды ойға қалдырмай қоймайтын орасан ауқымды ақпарат та, жан дүниеңді жадыратар әсерлі әңгіме де молынан табылады. Біз бүгін сондай игілікті іс жайында айтқалы отырмыз.