Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20372 материал табылды

Руханият • 26 Қыркүйек, 2019

«Астана Опера» музыка күнін атап өтпек

Музыка күнінде «Астана Опера» Камералық залында өтетін «Мәңгі өшпес із қалдырған» симфониялық концерттер топтамасы барокко дәуірінің атақты композиторы А.Вивальдидің туындыларынан құ­ралған бірегей бағдарламамен ашылмақ. 1 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Азат етілген Андромеда» операсынан Персейдің ариясы шырқалады. «Астана Опера» ка­мералық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Руханият • 26 Қыркүйек, 2019

Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық байланыстары туралы

Халқының рухани қазынасына озық туындыларымен олжа салған, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан алыптарымыз туралы сөз болғанда, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов есімдері аталады. Бұларды әдебиет тарихында ақ пен қызыл деп бөле-жармай, таптық жікке топтамай, ұлт руханиятының ұстындары, қазақ көркемсөз өнерінің ұлы тұлғалары деп біртұтас алып қарауымыз керек.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Міндет айқындалса, жұмыс жүреді

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Орнықты дамуды қамтамасыз етеді

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019

Әлеуметтің әлеуеті – маңызды мәселе

Халықтың әлеуметтік мәселесіне назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Әділін айтқанда, елімізде әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі мен игілігі үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жұмыс жүйелі жүзеге асуда.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Қайырлы қадам

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Игіліктің бастауы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ұлттық санамызды серпілтіп, елдікке бас­тайтын тарихи құжат болды. Қазақ­станның даму стратегиясын тереңнен пайымдап, сарабдалдықпен жүзеге асырып келе жатқан Президенттің ел бірлігі, ұлағатты ғұлама тұлға­ларымыздың еңбектерін халық арасында кеңінен дәріптеу мәселесі, мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы оның кемел ойлы кемеңгерлігін тағы бір қырынан танытты.

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Ел жетістіктері ерекше аталды

БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 193 мемлекетін біріктіріп, өзекті геосаяси қарым-қатынастарды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ауқымды диалог алаңы екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы өз жұмысын жалғастыруда. Сессияның басты тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты болып отыр.

Әлем • 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары әлем назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысты. Іргелі ұйымның бұл жолғы жиыны «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбына арналған болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы беделді мінберде сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге халықаралық қоғамдастық назарын аударды. Айта кетерлігі, бұл – Қ.Тоқаевтың Президент ретінде қатысқан БҰҰ-ның алғашқы жиыны. Осы бір ерекше оқиға әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары назарынан тыс қалған жоқ. Синьхуа, Bloomberg секілді алпауыт агенттіктер мен the Hill, Agenparl секілді басылымдар Мемлекет басшысының сапарына кеңінен тоқталды.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Ортақ ұстанымдар үйлесімі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.