
Президент • 24 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Президенті «Bloomberg» ақпарат агенттігінің басшысымен кездесті
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 24 Қыркүйек, 2019
Қ. Тоқаев БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 23 Қыркүйек, 2019
Мун Хи Сан: Қазақстан - Кореяның маңызды әріптесі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Мун Хи Санмен алдағы форум жайын әңгімеледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Владимир Володинмен, Федералдық Жиналыстың Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умахановпен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын тереңдете түсудің келешегі талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2019
Иранда «Қорқыт ата» кітабының жаңа нұсқасы табылды
«Қорқыт ата» кітабының жаңа жазбасы Иран жерінен табылды. Бұл жөнінде Сыр өңірінде өткен түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестиваліне келген ирандық коллекционер Вели Мухаммед Ходжа мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019
Роман Скляр Иордания өкілдері палатасының төрағасымен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иорданияның парламентаризм желісі бойынша ғана емес, өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы екіжақты қатынастарын талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Саясат • 23 Қыркүйек, 2019
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысты
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы шеңберінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019
Үкіметтің кезекті отырысында қандай тапсырмалар берілді
Үкімет отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындығы талқыланды, сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Үкімет кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарға жауап алды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Еуропа және Азия Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесінің қатысушыларымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуропа және Азия елдерінің Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Черногория, Словакия, Солтүстік Македония, Молдова, Оман, Катар және Непал Парламенттерінің спикерлерімен екіжақты келіссөздер жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Парламент • 23 Қыркүйек, 2019
Сенаторлар заңнамаға агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қарады
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.