Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20497 материал табылды

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019

Бетің ашылмасын

Өзім сүйіп оқитын «Egemen Qazaqstan» газе­тінде қазақ қоғамында жиі кездесетін неке­нің тұрақсыздығы, жас отау иелерінің қиын­дық­қа шыдамай тез ажырасуы, отбасылық құн­ды­лықтардың азаюы секілді шетін мәселелер кеңі­нен қозғалып, құнды пікірлер тоғысына арқау болып жүр.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Игілік өткенге бас июден басталады

Ел ішінде өткеніңмен мақтана бергенше, ертеңгі күніңнің қамын жасаған әлдеқайда қайырлы болмақ деген есті пікірді естіп қалып жүреміз. Дегенмен, бағзы заманда баба­ларыңның кім болғанын, олар құрған қағанаттар пен хандық­тардың өркениет өлкесінде қандай орын алғанын білуге деген құштарлықты қалайша тұншықтырып қоюға болады?!

Саясат • 18 Қыркүйек, 2019

Көп мәселе кешенді түрде қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында өмірімізде айқын байқалып отырған өзекті мәселелер көтерілді. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуымыз ең алдымен білім мен ғылым саласын дамытуымызға байланысты болмақ.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Елбасының елдік жолы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы жиырма төрт жыл бойы елімізде тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға жұмыс істеумен қатар, Қазақстанды демократиялық, құқықтық мемлекет деңгейіне көтеруге негіз болды. Аталған Конституция Елбасының тегеуріні мен пәрменінің арқасында өмірге жолдама алған болатын. Өйткені, сол кезеңде әлі де болса кеңес билігін аңсайтындар баршылық еді. Ал Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы тек қана өтпелі кезеңнің конституциясы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар әлі де болса санасы серпіле қоймаған қоғам мүшелерінің кеңестік қалыптасқан дағдыларының нақты болмысын көрсеткен еді. Сондықтан да ол Конституцияның ғұмыры ұзақ болмады. Осы жағдайды саралай білген Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа Конституцияның қажеттілігін көрегендікпен аңғарып, жаңа Конституцияны қабылдауда бастамашы болды.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Марат Тәжин Вьетнам Ком­му­нистік партиясының хатшысы Во Ван Тхыонг­пен кездесті

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік хатшысы Марат Тәжин Вьетнам Ком­му­нистік партиясының хатшысы Во Ван Тхыонг­пен кездесті.

Президент • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті «Радуга» ЖШС-нің өндірістік әлеуетімен танысты

Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында металл пластикалық өнімдер шығаратын «Радуга» зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 18 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа барды

Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын және бөлшектерді құрастыратын цехтарды аралап көрді. Президентке компанияның қазіргі жұмыстарының есебі беріліп, кәсіпорынның технологиялық тұрғыдан одан әрі жаңғыртылу жоспары баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан тарихына қызығушылық танытты

Жуырда Польшаның Люб­лин қа­ла­сында «Рухани жаң­ғыру» бағдар­ламасы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Н.Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» мақала­сы ая­сын­да қалың сахараны жай­­лаған Қазақ елінің мәде­ние­тінен сыр шертетін көрме ашылды.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2019

Қорқыт ата кітабы

«Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігер­лерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде әлемдік дең­гейде зерттелген туынды. Не­гі­зі­нен батырлық жырлардың жи­­нағы болып табылатын бұл жаз­­ба мұраның Дрезденде және Вати­канда сақталған негізгі екі нұс­қасы, сонымен қатар үшінші – Дрез­ден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар.

Саясат • 17 Қыркүйек, 2019

Мәжілісте сот рәсімдерін қысқартуға арналған заң жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Яндекс.Метрика