
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды
Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.
Ғылым • 13 Қыркүйек, 2025
Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір
Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» атты еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды мәдени бастамалардың бірі болып табылады. Тұсаукесер Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықтың жаңа белесі әрі Ясауи ілімін халықаралық деңгейде танытудың іргелі қадамы саналады.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025
Білім мен тәрбие – елдіктің іргетасы
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деп Абай айтпақшы, қай заманда да жақсылыққа ұмтылған, ізденімпаз адамның да, қоғамның да бір қадам алда болатыны дәлелденіп келеді. Қазіргі озық технологиялар дәуірінде бұл тіпті айқындала түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстанның үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуын стратегиялық міндет етіп, мұны іске асыруда білім саласы айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025
Транзиттік мүмкіндік арта түседі
Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің көлік жүйесі үшін стратегиялық маңызы зор «Сексеуіл – Бейнеу» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Аталған магистралдың құрылысы Қытайдан Еуропаға біздің елдің аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын шамамен үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2025
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елінде діни алауыздық, экстремизм мен радикализм салдарынан қоғамда тұрақсыздық туындап отыр. Мұндай жағдайда әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтау. Осы тұрғыдан алғанда, діни тұрақтылық – мемлекеттің тұтастығы мен өркендеуінің негізгі шарты.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025
Дәрігер даярлаудың жауапкершілігі зор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың барлық саласын жаңғырту мақсатында жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аудара отырып, елді одан әрі дамыту жөніндегі 7 негізгі міндетті атап өтті.
Саясат • 12 Қыркүйек, 2025
Сирия мен Ауғанстандағы ахуалға қатысты мәселелер қаралды
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IV кездесуіне қатысты.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жобаны іске асыру барысы
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол қанатқақты жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады.
Технология • 12 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдап, онда айтылған мәселелердің маңыздылығын байыптадық.
ЖОЛДАУ • 12 Қыркүйек, 2025
Банктер туралы заң бәсекелестікті күшейтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін банктер туралы жаңа заңды дайындап, қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, заң технологиялық өзгерістер мен экономиканың жаңа қажеттіліктерін ескеруге тиіс.