Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20370 материал табылды

Руханият • 25 Шілде, 2019

Еркін Нұразхан. Шарайна

Біреулерге күлкі, бәз біреулерге түрпі болып тиген Еркін Нұразханның шарж бен карикатура суреттерін салуда автордың азаматтық ұстанымы соны серпін сыйлады. Сұңғыла суреткер бедерлеген қатар жүрген құрдастары мен замандастарының юморлық бейнесі еріксіз езу тартқызса, қоғамның көлеңкелі жақтарын әжуа еткен графикалық суреттері өткен-кеткенді қозғайды.

Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Алматыда «Кедергісіз келешек» жобалар шеңберінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар шеңберіндегі жәрмеңкелер ұйымдастырды.

Қазақстан • 25 Шілде, 2019

Тегін дәрі-дәрмек жеткізілді

Биылғы алғашқы жартыжылдықта жалпы сомасы 58,5 млрд теңгеге алынған тегін дәрі-дәрмек еліміздің медициналық ұйымдарына жөнелтілді. Бұл жалпы жылдық өтінімнің 65%-ын құрайды. Оның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, 41 млрд теңгеден астам сомаға алынған препараттар пациенттерге берілді.

Руханият • 25 Шілде, 2019

Тарихпен тілдескен, уақытпен үндескен

Тіреусіз Аспан жасап, оған Ай мен Күн орнатқан, оны алтын шеге сам­саған сансыз жұлдыздармен бекіткен, қасиетті қара жерді жасаған құ­діреті күшті, мейір, шапағаты мол Алла тағаланың ерекше мейірі түскен жалы биік, жайсаң жандар бар бұл өмірде. Олар кісілік пен кішіліктің үздік үлгісі! Олар аспандағы Ай мен Күндей айналасына үнсіз сәуле шашып тұрады. Көзге түсуді қаламаса да ондай асылды халық көш жерден танып, құрметтейді. Сонадайдан көзге шалынар, жаныңа жақын жайсаңдардың бірі әрі бірегейі Бижамал Рама­занова. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Өз бақытын еңбек пен қабілеттен, адам­гершілік, адалдық атты асыл таланттан тап­қан болмысы бөлек бекзат тұлға.

Қазақстан • 25 Шілде, 2019

Көз жауын алған мойылдар

Қызығы да сол, биылғы қырық күн шілде де өзіндік ерек­ше­ліктерімен өтіп барады. Ер­те­мен таң ата жұмысқа ентелей асы­ғып бара жатамыз. Күн жа­рық­тық қалай көтеріледі, шақ­­шиып ысып ала жөнеледі. Ми қай­­натар ыстықта Алматы ауа ра­йы­ның күнделікті керім­сал ала келгеніне таңырқай қарайсыз.

Руханият • 25 Шілде, 2019

Қарадалам – бабадан қалған бай далам

Жетісу жері неше мың жылдан бері түркі халқының ту тіккен тұрақты мекені болды. Бұл өңірде жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырдан жыл санауымыздың V ғасырына дейін үйсіндер қуатты мемлекет құрды. Үйсіндерден соң Юебандар мемлекетті биледі. Одан соң Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері өмір сүрді. Шыңғыс хан заманында Жетісу жері Шағатайдың иелігінде болды. Алайда, Шағатай мемлекеті де бүлінбей тұра алмады. Осының бәрінің негізгі бір орталығы – қазақтың қасиетті Қарадаласы еді.

Қоғам • 24 Шілде, 2019

Асхат Аймағамбетов «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясын қолдауға шақырды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қоғам • 24 Шілде, 2019

Семейде Мұхтар Жәкішевке қатысты сот отырысы өтті

Бүгін Семей қаласындағы №2 сотта Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босату мәселесі бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саясат • 24 Шілде, 2019

Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорнына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Технология • 24 Шілде, 2019

Адам миының көшірмесі жасалады

Microsoft компаниясы Илон Масктің адам миының көшірмесін жасауға бағытталған жасанды интеллект жобасына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция жасады.