Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23601 материал табылды

Қоғам • 31 Қазан, 2019

Адасқан ұлдың елге оралуы

Жат ағымдардың жетегіне ілесіп, адастырар уағыздардың айтағына бас изеп, ақырында қақтығыс алаңына айналған Сирияға тап болған қандастарымызды елге қайтару ісінде мемлекетіміз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұған «Жусан» операциясы дәлел бола алады. Осы орайда, яғни жат жерде басы шырмауға түскен жандарға қол ұшын беруде еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызметкерлерінің де атқарып жатқан істері мол. Бүгін біз сондай жағдайлардың біріне қатысты мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Редакция 

Қазақстан • 31 Қазан, 2019

«Болашағы жоқ ауылдар» деген қасаң көзқарастан арылатын мезгіл жетті

Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Жолдаудың ерекше тұстары маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңгенің бөлінгені қуантады. Бұл қаражатқа көлік, ауыз су, газбен қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, тұрмыстық, мәдени, спорттық нысандар бой көтеретін болады.

Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Бір ауданда – бес мұражай

«Қызғанбаңдар, ақындар, Мақтауға оны қақым бар. Мен туған жер кішкене, Торғай деген аты бар» деп Сырбай ақын жырлаған қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан қарт Торғайдың сырын ашу қай азаматтың болсын арманы.

Қазақстан • 30 Қазан, 2019

Бішкекте екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев деңгейінде және тараптардың жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қазақстандық-қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Парламент • 30 Қазан, 2019

Сенат журналистерге арналған байқау жариялады

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы биылғы жылғы 1 қарашада Сенат материалдары бойынша ең үздік журналистік зерттеу бойынша және экология тақырыбындағы журналистік байқаудың басталатыны туралы хабарлады.

Президент • 30 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы Корея Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент • 30 Қазан, 2019

Сенатта кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 30 Қазан, 2019

Президенттің Қырғызстанға сапарына дайындық пысықталды

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 30 Қазан, 2019

«Айка» фильмі Барселонадағы VII кинофестивальде көрсетіледі

«Айка» фильмі 2019 жылғы 30 қазан мен 10 қараша аралығында Барселонада өтетін Азиялық киноның беделді испан кинофестивалін ашады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 30 Қазан, 2019

Президент Алматыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.