Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20391 материал табылды

Президент • 30 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының урбанистика орталығында болды

Тоқаев Алматы қаласын дамытуға қатысты цифрлық және ғылыми жобаларды қарап, қала абаттандыруға және инвестициялық жобаларды іске асыруға тапсырмалар берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2019

«Студенттік көктем-2019» фестивалі өтті

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы өңірдегі жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары арасында дәстүрлі VII-облыстық «Студенттік көктем-2019» фестивалін өткізді.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Н.Дулатбеков: Бізге керегі – ең алдымен бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясының жетіс­тіктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – осындай институттардың жемісі. Бір-бірімізбен бас қосып, үлкен страте­гия­лық мәнге ие жоспарлар құрып, келешекке мақсат қою ел үшін маңызды деп есептей­мін.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Ә.Бектаев: ҚХА – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт

Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт. Ол – біздің хал­қы­мыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілд­ерінің басын қосатын, бәріміз жиналып ақыл­дасатын, бір-бірімізге тілеулес болатын, еліміз­дегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға зор қыз­мет жасап жүрген керемет ұйым.

Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Өзге­нің де жаны қазақтың жанындай дарқан болса екен - А.Осман

Қазақстанда орныққан тыныштықты нығай­туда Ассамблеяның қызметі зор екенін атап көр­сету керек. Алайда Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуы, осы бағыттағы игі істер­дің барлығы топырақтың, елдің иесі, бәрімізді бауы­рына басқан, тумысынан таза, қиянаттан шет қазағымыздың арқасы екенін айтпай кетуге болмас. Елдегі игіліктердің негізгі ұйытқысы бол­ған қазақ халқының, сол халықтың арасынан шыққан, кемел де парасатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының жақсылығын естен шығармауымыз керек.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды - Б.Смағұл

Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ел­ба­сының ұстанымы – елдің ынтымағы, қоғамның бірлігі. Елбасының ел үшін, туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Ол бірлікті бір ұяда қанаты қатайған балапандай болған, тонның ішкі астарындай бір-біріне етене жақын, ауыр кезеңдерді басынан бірге өткізген ата-баба­ларымыздан үлгі алған ұрпақ қана сақтайды.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Этносаралық татулық жалпыұлттық бірлік деңгейіне шықты - Д.Мыңбай

Жеткен жетістіктеріміздің негізі – ха­лық­тың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі. Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің ар­қа­сында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі ал­ды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі бол­­ды. Елбасының отыз жыл бойы бірлікті ұс­тын етіп, оны маңызды бағыт ретінде алға тартып кел­гені тегіннен-тегін емес. Шын мәнінде, бір­лік ол сөз кү­йінде қалып қоймай, іспен де дәлелденіп келеді.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

«Аманатқа» сайлау аманат

Қазақстанда «Аманат» азаматтық алаңы құрылды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты – сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу. Ашық әрі әділ сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының ерікті бірлестігіне қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар мен азаматтық белсенділер кірді.

Спорт • 30 Сәуір, 2019

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Нұр-Сұл­тан қа­ласында жалауы желбіреген әлем чемпионатының бі­рінші дивизионында («А» тобы) сынға түсіп жат­қан Қазақстан ұлттық құ­рамасы алғашқы кездесуін Словениямен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

29 Сәуір, 2019

Тарихымызды тереңнен түсіне білдік

Тарамдалған тарихын бағамдай білген елдің ұрпақтары бүгінде өткенін түгендеп отырады. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың жолдаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мұратты жандардың мақсатын айқындап отыр.