
Президент • 25 Қазан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентімен келіссөздер жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамда келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Асқар Жұмағалиев Nur Otan алаңында азаматтарды қабылдады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Қазан, 2019
Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясының Ұлыбританияға сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі іс-шаралармен жалғасты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 25 Қазан, 2019
«Астана Балет» Павлодарда әлемдік балет жауһарын сахналайды
Павлодарға гастролі барысында «Астана Балет» үш бір актілі балеттен тұратын бағдарламасын көрсетеді. Би салтанаты Естай атындағы Мәдениет сарайында, қарашаның 1-2 күндері өтпекші. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 25 Қазан, 2019
Ұлттық музейде «Өнердегі доп» арт-көрмесі ашылды
Ұлттық музейінде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Қазақстандықтар қандай газет-журналдарды жиі оқитыны анықталды
Қазпошта арқылы Қазақстанда газет-журналдарға жазылудың жалпы көлемі 108 363 590 дананы құрады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша деректерді Қазпоштаның баспасөз қызметі ұсынды.
Әдебиет • 25 Қазан, 2019
Экология • 25 Қазан, 2019
Тарбағатай ұлттық паркіндегі орманды сақтай білейік
«Тарбағатай» Ұлттық паркінің жалпы аумағы 143 550,5 гектарды құрайды. Осы аумақтың 7183 гектары орманмен көмкерілген. Көмкерілген аумақтың басым бөлігі Тарбағатай жотасына тиесілі. Тарбағатайдың ағаш өсімдіктері жотаның оңтүстік және солтүстік беткейінің ірі өзен алқаптарына тән. Жайылма ормандар негізінен талдардан тұрады, әртүрлі мөлшерде терек, көктерек, мойыл, долана, сирек қайың, ал жотаның оңтүстік беткейінің орталық бөлігінде алма ағашы араласады. Өзендердің жайылмасында лавр жапырақты теректің шағын тоғайлары кездеседі, бұл кейде шатқалдың баурайларына дейін көтеріледі. Бұл аумақта алмалы, көктеректі, теректі, талды ормандардың түрлері кездеседі.
Экология • 25 Қазан, 2019
Табиғат тағдыры – адам тағдыры
Табиғат ежелден бері адамға қызмет етіп келеді, бұл оның өмірінің қайнар көзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүрді және оларға табиғи байлық шексіз болып көрінді. Бірақ өркениеттің дамуымен адамның табиғатқа араласуы арта бастады. Мыңдаған түтінді өнеркәсіп кәсіпорындары бар ірі қалалар бүкіл әлемде пайда болып жатыр. Олардың қосалқы өнімдері біз дем алатын ауаны, ішетін суды, астық пен көкөніс өсіретін жерді ластайды.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы
Сіз eGov mobile қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? Мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаның бірқатар ерекшелігі бар. Барлығын рет-ретімен түсіндіріп өтейік.