Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3253 материал табылды

Оқиға • 16 Желтоқсан, 2023

Шамахан әулетінің талайлы тағдыры

Аяқ артар көлігі жоқ халық жаяу-жалпылап түрікмен жеріне қарай шұбырды. Босқан жұрттың қатарында Шамахан әулеті де бар еді. Бір рулы ел ұжымдастыру зобалаңынан қашып, Жем өзені бойындағы кір жуып, кіндік кескен ата қоныстан әуелі Сам барып, одан Желтау асып, Түрікменстан жағына өткен.

Тарих • 16 Желтоқсан, 2023

Ұлт зиялыларының қазынасы

ХХ ғасыр басындағы әде­биет өкілдерінің ішінде ғұмыр­баяны толық анық­тал­маған, шығар­ма­шы­лы­ғы жөнін­де іргелі зерттеулер жүргізілмеген тұл­ға­ларды анықтау, шы­ғар­­машылық мұрасын жи­нақ­тау, алғы сөзі мен ғылы­ми түсініктерін жазып кітап­тарын шығару, олар­дың сая­си қуғын-сүргінге ұшы­рау себептерін талдау – ма­ңыз­ды мәселелердің бірі.

Таным • 16 Желтоқсан, 2023

Академик Окладников Абылай хан туралы

Кеңес заманында ғылымнан Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты атағын алған академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алексей Окладниковті тарихшы, археолог, этнограф, әдебиет­тану­шы, фольклоршы, қоғамтанушы ғалымдар ортасында білмейтін адам кемде-кем еді.

Таным • 16 Желтоқсан, 2023

Халық университеті

Үлкен мұхиттар тереңінде түрлі құбылыс жүріп жататын көрінеді. Соның бірі – мұхит үстіндегі сыртқы күштердің әсерінен болатын қатты ағынға бағынбай, өз мақсатына жету үшін су асты тіршілік иелерінің ағынға қарсы жүзетін жанкешті әрекеті. Дәл осындай жанкешті қарсылық бодандыққа түскен елдер тарихында кездеседі. Тумысынан еркін өскен кең даланың арда азаматтары бодандық бұғауына көнбеген. Оған қазақ тарихындағы түрлі азаттық күрес куә. Біз ол соғыстарды әлі түгендеп болған жоқпыз.

Басылым • 16 Желтоқсан, 2023

Тегеурінді «Темірқазық»

1923 жылы қайраткер, елші, қаламгер Нәзір Төреқұлов «Темірқазық» журналының алғашқы нөмірін баспадан шығарды. Міне, биыл осы тарихи басылымға 100 жыл толып отыр.

Руханият • 16 Желтоқсан, 2023

Хандықтың қасқа жолы

Халық пен мемлекет ұғымдары екі түрлі ұғым болса да бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Алғашқысы екіншісін қалыптастырса, өз кезегінде екіншісі алғашқының дамуына жол ашып, жағдай жасап отырады. Сол себепті де гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда бұл қос ұғымды бір-бірімен өзара тығыз байланыс­та қарастырады. Тарихты жасайтын – халық та, оны жазатын – ғалым, зерттейтін – ғылым.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2023

Ынтымақтың бастауы – сенім

Ынтымағы жарасқан азат Қазақстан әлемде барлық мемлекетті, соның ішінде көршілерін сыйластыққа шақырып, маңызды форумдар өткізіп келеді. Дүние саясатшылары біздің елді «Еуропа мен Азия елдерінің достық көпірі» деп әділетті бағалайды.

Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2023

Бірлікпен бекемделген Тәуелсіздік

Менің ұғымымда тәуелсіздік – тарихы тереңнен тамыр тартатын қазақ халқының ғасырлар бойғы бодандықтың бұғауынан босап, жаңа заманда егемен ел болған күні. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, оның азаттығының тұғыры нығая түскенін айқындайтын ма­ңыз­ды белес. Тарих тұрғы­сынан алғанда, отыз екі жыл – көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Ал адамзат үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір.

Байқау • 15 Желтоқсан, 2023

Бурса балдырғандарын қуанышқа бөледі

Түркияның Бурса қаласындағы «Tayyare Kültür Merkezi» орталығында 11-16 желтоқсан аралығында өтіп жатқан ХХ халықаралық «Бурса-Қарагөз» қуыршақ және көлеңкелі театр фестивалі кішкентай көрермендер үшін тамаша тарту болды. 30 жыл бойы балдырғандарға қуаныш сыйлаған өнер мейрамына Түркияның өз ішінен 14 кәсіби және 3 шетелдік қуыршақ театр ұжымы қатысты.

Пікір • 15 Желтоқсан, 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты дами алмайды. Сол себепті әлемнің барлық мемлекеттері жұлынқұрт секілді бұл қоғамдық індетке қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.