Үкімет • 10 Қазан, 2019
Р. Скляр Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының XV отырысына қатысты
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр және Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин бастаған отырыстың барысында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасындағы экономикалық ахуал туралы ақпарат алмасу болды, сондай-ақ, Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 10 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев елорданың бірқатар спорт және медициналық нысанын тексерді
Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт және медициналық нысанды аралады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Жақында Ұлттық музейдің «Археология және этнография» бөлімі ұйымдастыруымен қазақ этнография ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевтың туғанына 95 жыл толу құрметіне арналған «Этнография ғылымының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Әдебиет • 10 Қазан, 2019
Халықаралық байқаудың жүлдегері
Белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы Ресей Федерациясының «Золотое Перо Руси» ұлттық әдеби сыйлығының Бисер Киров атындағы күміс жүлдесімен марапатталды.
Руханият • 10 Қазан, 2019
Өмір әркімнің өз үйі-құтханасынан, өз ошағынан бастау алады.Көз жасындай мөлдіреген шағын ғана жылғаның жайыла-жайыла телегей теңізге айналатыны сияқты, бір отбасының перзенті ретінде дүние есігін іңгәлап ашқан бүлдіршін мұқым халықтың бетке ұстар тұғырлы тұлғасына айналады, ұлттың ұстыны дәрежесіне жетеді, кемел ойлы кемеңгер деңгейіне көтеріледі.
Әдебиет • 10 Қазан, 2019
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Аягөз өзені – арысы 1500 жылдық тарихы бар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында, берісі ХІХ ғасырдағы ғұлама ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінде суреттелетін, одан бөлек, уақыт толқынындағы қаншама үлкенді-кішілі ақындардың өлеңдеріне арқау болған арналы өзен.
Руханият • 10 Қазан, 2019
«Тұлға» сыйлығын тапсыру «Егеменнің» 100 жылдық мерейтойына арналды
Жезқазғанда қаланың рухани өміріне серпін берген салтанат – «Арқаның Атымтай жомарты» атанған белгілі меценат Бекзат Алтынбековтің ұйымдастыруымен «Тұлға» сыйлығын тапсыруға арналған дүбірлі кеш болып өтті. Мәртебесі зор бұл іс-шара мемлекет және қоғам қайраткері, ақсұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен ел газеті «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерейтойларына арналды.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
Жемқорлыққа жығылма, сыбайластыққа сүрінбе
Жалпы жемқорлықты жалпақ жұрттың талқысына салып, көптің көңілін күпті еткен келеңсіздеу көрінеді. Олай дейтінім, белгілі топ жасаған қылмысқа оған қатысы жоқ қоғамды қатыстыру әбестік секілді. Қолы ұзынның құзырына қолы қысқаның құрығы әсте жетпеген шығар…
Қазақстан • 10 Қазан, 2019
Алда атқарылатын жұмыстардың нақты жоспары
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретіндегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық бизнесті қолдау және мемлекетті нығайту мәселелеріне тоқталды.