
Тарих • 14 Желтоқсан, 2023
Кенесарының күрескерлік қасиеті
Абылай хан мен Анна Иоанновна арасында «Орысия қазақ хандығы шекарасынан аттап енбейді, қазақтан солдат алмайды» деген келісім бар еді. Қазақ жұрты тек салық төлеу жөнінде міндеттенген. Уәли ханның тұсында осы келісім қасақана бұзылып, ақ патша әскері қазақ даласына дендей еніп, бекіністер сала бастады. Бір кездегі емін-еркін жайлаған өзен-көлдер мен жайылымдарға енді казак-орыстар ұлықсатсыз аттап бастырмады. Тіпті қазақтар тұз алып жүрген қайраңдарға да бара алмай қалды. Осыған шамданған Қасым сұлтан бауыры Уәли ханға арыз айта келді. «Әкеміз Абылай ұшы-қиыры жоқ ұлан-байтақ даланы жайлаған қазағымның басын қосып, іргелі ел етіп еді. Ел – жермен ел, жерден айырылу – елдіктен айырылу» деген уәжіне ағасының дәрменсіздігін көрді.
Кино • 14 Желтоқсан, 2023
Бүгін елімізде анимация саласы біртіндеп жанданып келеді. Бұл сөзімізге таяуда ғана You Tube-та жарық көрген «Шырақ» мультфильмі дәлел бола алады. Құндылықтар дәріптелген анимациялық туынды әлеуметтік желіде біразға дейін трендтен түспеді. Халықтың рухани мәдениетін байыту жолындағы игі істе, әсіресе, жастардың қызығушылығы басым. Осы тұста отандық анимацияның бүгіні мен болашағына көз салдық.
Жәдігер • 13 Желтоқсан, 2023
Қиын да күрделі XVIІІ ғасырда ақылымен, әділдігімен, кеңдігімен досты да, дұшпанды да мойындатқан Төле би халқымыздың ынтымағын арттыруға, Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай және басқа да хандармен, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге қазақ мемлекетін нығайтуға ерекше үлес қосты. Көптеген жоңғар билеушілерімен, Ресей және Цин империясы өкілдерімен кездесіп, дипломатиялық келіссөздер жүргізіп, достық қарым-қатынасты сақтап қалуға әрекет жасаған тарихи тұлға.
Шаруашылық • 13 Желтоқсан, 2023
Аграрлық орталыққа айналамыз десек...
Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында елдің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуды тапсырған еді.
Сараптама • 13 Желтоқсан, 2023
Балаларға арналған контент қалай талданады?
COVID-19 пандемиясы қоғамның көп саласына әсер еткені секілді балалардың медианы тұтыну үлгілеріне де біраз ықпалын тигізгені сөзсіз. Сол себепті 2020 жылдан кейін әлемде осы саладағы зерттеулер көбейген.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаз – ұлы есім, кемел тұлға. Дала қоңырауы атанған Ыбырай атамыздың салған сара жолын жалғастырып, ғылымды меңгеріп, дарынды шәкірт тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздар қаншама. Солардың бірі – талай жанның шырағын жағып, саналы ғұмырын сапалы білім беруге арнап келе жатқан Нұрсұлу Шаймерденова.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2023
Қазақ тіл білімінде «лексика» ұғымын анықтап, лексикология ғылымын негіздеген, оның дамуына, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан бірегей ғалым Әсет Болғанбаев екенін көпшілік жақсы біледі. Қазақ тіл білімінің лексикология саласындағы қол жеткізген жетістіктері мен ғылыми ой-тұжырымдары ғалым есімімен тікелей байланысты.
Зерде • 12 Желтоқсан, 2023
Бейсетай Дәуренбековтің Іле өзеніне батқан 12 оқушыны құтқарған оқиғаға жарты ғасыр өтіпті... Даңқты батырымызбен 2014 жылдың күзінде «Қазақстан» телеарнасының түсірілімі («Жаныңда жүр жақсы адам») барысында танысқанбыз. Сұңғақ бойлы, шымыр денелі, ширақ жүрісті салиқалы ақсақалдың сол тұста 77 жасқа бет бұрған шағы. «От ішінде туған оттан қорықпайды» дегендей, Бейсетай Дәуренбековтің теңдессіз ерлігін оның арнасы адуынды Іленің жағасында туып-өскеніне балауға да болатын шығар?
Спорт • 12 Желтоқсан, 2023
Ұлы Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген сөзінің мағынасы спорт әлеміне де қатысы бардай көрінеді бізге. Спорттың қаншама түрінен жеңімпаз болған жастарды айтпағанда, орта жасқа келген шағында чемпиондық дәрежеге көтерілгендер бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де солай. Пауэрлифтинг спортынан төрт дүркін Азия, бір мәрте Еуропа, екі мәрте әлем чемпионы болған азамат.
Зерде • 12 Желтоқсан, 2023
Талай тағдырды талқандаған «Тәркілеу»
Түркістан облыстық саяси тарих архивінен «тәркілеу» санаты бойынша кәмпескеге іліккен 85 байдың жеке парағы табылды. Тәркілеуге ұшырағандардың тізімін жасау барысында олардың жеке парақтары бір күнде, дәлірек айтқанда, 1928 жылғы 10 тамызда толтырылғандығын көрдік. Тізім «Конфискация туралы» декреттің 1 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған. Ақталмаған 85 құрбанның 77-сі 1-топтағы байлар болса, сегізі 2-топтағы байлар.