Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24368 материал табылды

Спорт • 02 Қазан, 2019

Геннадий Головкин айқас алдында ашық жаттығу өткізді

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін титулдық жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді. Бұл туралы Головкин Instagram парақшасында жазды. 

Руханият • 02 Қазан, 2019

Әлжанның әке-шешесі

Жуықта жұмыс бабымен Мәскеуге бардым. Қолым қалт еткенде сонда тұра­тын қанда­сымыз, атақшы баскетболшы, Олим­пиада чем­пионы Әлжан Жармұ­хамедовке хабарласып, реті келсе сәлем беру ойым бар екенін жеткізіп едім, ағамыз «келе беріңіз» дегені. Аман-сәлемнен соң аға екеуміз фото альбомын тамашаладық.

Руханият • 02 Қазан, 2019

«Алтын адам» – Малайзияда

Малайзия астанасы Куа­ла-Лумпурде Ұлттық музей­дің «Ұлы дала: тарих және мә­дениет» атты тұң­ғыш көр­месі құрметіне Көк туымыз көтерілді. Өркениетті елдің төрінде көк байрағымыздың жел­бі­реуі малай халқының қазақ халқына көрсетілген зор құр­меті, елімізге деген сү­йіс­пеншілігі ретінде баға­лануда.

Руханият • 02 Қазан, 2019

Қазыналы қайраткер

Тоқсанның төріне шыққан абыз ағамыз Серғазы Қалиұлы бүгінге дейін ғылыми ең­бек­тен қол үзген емес, білген-түй­генін қағаз бетіне өрнектей түюде. Өмірі үлгі ағаның әлі де бол­са айтары мол...

Экология • 02 Қазан, 2019

«Эко-сағат» акциясы басталады

Ертең, яғни 3 қазанда Қазақ­стан­дағы барлық мек­тепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы еліміздің Эко­логия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Экология • 02 Қазан, 2019

Кең даланың арналы ризығы

Біздің толымды да арынды дария­ларымыз, тарихи-жағрафиялық тағ­дыр ұйғарымында, сайын саха­ра­мыздың кемерін шет-қиықтай ағып жатыр. Жайық, Сырдария, Ертіс... Бұл сулардың ел-жеріміз үшін игілігін тізбелеп жату артық болар. «Бұйырғанның берекетін бер­сін» деген ата ұстанымында, сон­­дайлық несібені ұтым-ұтыры­мен және рәсуасыз игеру – опалы тірлік екенін тиім-нәтижесін молы­нан беретін жаңа үрдістер, ин­тенсивті шаруашылық жолдары­ жақ­сы дәлелдеп келеді. Ал сонау тарих «кесімдерін» жаңа уақыт­ талабында қайта бағамдап, өз ақи­қатымызға үйлесімде игеру, өз мүд­демізге сабақтастыра дамыту – ен­дігі болмысымыздың ділгір мін­деті.

Руханият • 02 Қазан, 2019

Түркістан тарихын зерттеу – уақыт талабы

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Оң­түс­тік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп өзгертіліп, облыстың әкім­шілік орталығын барша түркі-мұсылман жұртына қасиетті рухани орталық – Түркістан қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанына бір жылдан астам уақыт өтті.

Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Жастар жобасының тұсаукесері

Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйым­дас­тыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стар­таптарының тұсаукесері» жобасы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.

Қазақстан • 02 Қазан, 2019

Қоғамдағы үнқатысу – орнықты даму шарты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет палаталары­ның бірлескен отырысында алғаш рет Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың негізгі бағдары – еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудің барысын айқындау, заманауи кезеңдегі мемлекетіміздің дамуындағы сан қырлы қайшылықты проблемалардың түйісетін тұстарын көрсету.

Қазақстан • 02 Қазан, 2019

Құқығымызды қорғау – басым бағыттың бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында саяси жүйені жетілдіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және оларды әлеуметтік қорғау, өңірлерді дамыту салаларындағы міндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады.

Яндекс.Метрика