Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23570 материал табылды

Қазақстан • 01 Тамыз, 2019

Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?

Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.

Экономика • 01 Тамыз, 2019

Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Қор бизнеске машина жасау саласындағы капиталды қажет ететін өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында айтты. 

Экономика • 01 Тамыз, 2019

Отандық өнім түрік нарығына шығады

Ыстанбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түркияның сауда палаталары мен биржалар одағының қолдауымен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

01 Тамыз, 2019

Тоқаевтың туфлиі қанша тұрады?

Қазақстандық кәсіпкер Мемлекет басшысы қандай аяқ киім сатып алғаны туралы айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Президент • 01 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнімді қолдады

Мемлекет басшысы отандық өндірушіден аяқ-киім сатып алды. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Спорт • 01 Тамыз, 2019

Турнирді сәтті бастады

Бұл күндері АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан теннисшілердің халықаралық турнирін қазақстандық Зарина Диас сәтті бастады.

Спорт • 01 Тамыз, 2019

UFC-мен келісімшартқа отырды

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының өкілі Шавкат Рахмонов әйгілі UFC ұйымымен отандық спортшылар арасында бірінші болып келісімшартқа отырды. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді.

Спорт • 01 Тамыз, 2019

Бақыт АХМЕТОВ, ауыр атлетикадан жастар құрамасының бас бапкері: Америкалықтар шәкірттерімнің өнеріне тәнті болды

Наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Мұхиттың арғы бетіне аттанған қазақстандық бес спортшының бесеуі де топ жарып, елімізде ауыр атлетиканың болашағы бар екенін дәлелдеді. Ал мұндай нәтиженің сыры неде екенін құрама бапкері Бақыт Ахметовтің өзінен сұрап білдік.

Спорт • 01 Тамыз, 2019

Толағайлар Таиландта айқасады

Қазақстан ауыр атлетикасының даңқы алысқа тарағанын ешкім жоққа шығара алмайды. Олай деуге негіз, біздің елде мықты бапкерлік мектеп те, жеңіспен өрілген тамаша дәстүр де бар. Тек қана әлем чемпионаты жайында айтар болсақ, қазақстандықтар алғашқы медальдің сыңғырын 1974 жылы естіді. Филиппиннің астанасы – Манилада өткен жарыста Юрий Зайцев қола медальді олжалады. 1976 және 1979 жылдары дәл сол спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанса, 1977 жылы күміс медальді мойнына ілді. Ал 1975 жылы Мәскеудегі бәсекеде Василий Мажейков екінші орынды иеленді.

Тарих • 01 Тамыз, 2019

Отты жырдың иесі

1939 жылы мамыр айында Аты­рау өлкесінде Қазақстан жа­зу­шы­ларының II съезі қар­са­ңын­да облыстық ақындар слеті өтеді. Бұл слет сол кезеңдегі ха­лықтың мәдени өміріндегі үл­кен серпіліс еді. Өлкеміздің талантты жастары бас қосқан бұл шараға соғыста хабарсыз кетіп оралмаған жас ақын Далабай Жа­зық­баевтың қатысқанын атап өтуіміз қажет. Жақында ғана РФ Қор­ғаныс министрлігі Орта­лық мем­лекеттік архивінен Дала­бай Жазықбаев туралы мәлі­меттер табылды. Көптеген ең­бек­те ақынның туған жылы 1920 жылы деп жазылса, бұл құжатта «...1915 жылы Гурьев облысы, Жилокосинский ауданында туған, 331-атқыштар диви­зиясында қызмет еткен» деп жазылған (төменде суреті бе­рілген, реттік саны №22). Бір қы­зығы құжатты толтырғанда «Жазикдаев Даладай» деп қате тол­тырылған. Ағайын-туыстары жөнінде інісі Төлеген Құл­ме­те­нов­тің есімі жазылған.