
Тағайындау • 29 Шілде, 2019
Ерлан Нысанбаев Экология вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 29 Шілде, 2019
Жасөспірім киберспорт жарысында $3 млн ұтып алды
Американдық жасөспірім Fortnite компьютерлік ойынының халықаралық жарысында 3 млн доллар ұтып алды. Бұл – электронды спорт тарихында берілген ең үлкен жүлде қоры.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Ұлттық паркке жапон ғалымдары келді
Еліміздегі ұлттық табиғи парктер қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге де таптырмас орын. Содан да болса керек, еліміздегі түрлі табиғи парктер мен қорықтарға шетел-дерден ғалымдар келіп тұрады. Сондай ғалымдардың бір тобы жақында Шығыс Қазақстан облысындағы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне келді.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Қазалы ауданының орталығынан шалғайда, Қызылқұмның ішінде табиғаты қатал Кәукей ауылында жайқалған жасыл бақты көргенде өз көзіңізге өзіңіз сенбеуіңіз мүмкін. Алайда Кәукей ауылының тұрғыны Бөрібай Ізімқұлдың үйінің жанындағы бау-бақша жайқалып тұр.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Осыдан отыз жылдай бұрын шаңырақ құрған «Мөлдір» қазақ мәдениеті Сібір орталығы» қоғамдық бірлестігі жат жерде қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттаумен жүйелі түрде айналысып келеді. Оның төрайымы Алтынай Жүнісованың есімі Қазақстан жұртшылығына жақсы таныс.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Ордан ортекедей орғып өтеміз бе?
Петропавл қаласының іргесіндегі Бәйтерек ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері құрылысқа қажетті құм өндіретін карьерден үлкен жапа шегіп отыр. Терең етіп қазылған орға құлаған малдардың мертіккені жайлы оқиғалар да кездескен.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет етіп, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі – Ғұмар Қараш. XX ғасыр басында Ғ.Қараш қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары бұл кісі Орда, Орал қаласында Е.Бұйрынмен бірігіп, «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Қазақ ән өнерінің қайталанбас тұлғасы, талай талантты әншілердің тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы болған Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың өмірден озғанына алдағы желтоқсанның 25 жұлдызында бес жыл болады. Қазақстанның халық әртісі, асқақ дауысты әнші, қазақ академиялық вокалдық педагогикасының тұңғыш профессоры, аталмыш саланың теңдесі жоқ білімді де білгір ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен ағаның өнегелі өмір, тағылымды еңбек жолы өнерді, өнерліні бағалай білетін елдің есінде мәңгі сақталатындығы белгілі.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Тауына қасиет тұнған, даласына сұлулық қонған Қарқаралы өңірі – талай хас батырды өмірге әкелген киелі мекен. Бұл жақтағы халық та отаршылдыққа мойымаған, өр тұлғалы, ер мінезді, сертке берік, шешен келеді. Солардың қанынан жаратылып, Жарлы өзенінің бойында Қарқаралы тауларының Шаңкөз шыңына қарап құмартып өскен, қазақтың қайсар қыранына айналып өмірі қиылған Нұркен Әбдіров аты алты Алашқа аңыз болған, тәні қан майданның қызыл қырғынында қалған айбоз ұл еді.
Сұхбат • 26 Шілде, 2019
Алған жарақатымнан гөрі әріптесімнің қазасы ауыр тиді - инспектор Оспанов
Алған жарақатымнан гөрі әріптесімнің қазасы ауыр тиді. Бұл туралы бүгін Ақмола облыстық көпбейінді аурханасында емделіп жатқан қорықшы, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Самат Оспанов журналистермен сұхбат барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.