Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20460 материал табылды

Ғылым • 04 Қазан, 2023

Астанада халықаралық Нобель фестивалі өтеді

5-6 қазан күндері елордада «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалі өтеді. Алқалы басқосуға Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылым, ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы әлемдік жетекші сарапшылар қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 04 Қазан, 2023

ЕҰУ-да ғылымнан түскен табыс үш есе өсті

Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жыл сайынғы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 04 Қазан, 2023

Ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік - баға жетпес байлық

Қазіргі заманда ел тыныштығын сақтау аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Тек қана ел емес ұлтаралық келісімнің тетігін табу аса маңызды шаруа. Егер әр мәселені шеңбер деп қарайтын болсақ. Бұл мәселенің шеңбері кең әрі шешілмейтін болса, зияны да үлкен. Ол мәселені шешу тетіктері де әр түрлі жолдардан құрылады. Соның бірі әрі бірегейі рухани тұрақтылық пен татулық. Яғни дінаралық келісім. Бұл орайда үш жыл сайын елімізде тұрақты өткізіліп келе жатқан «Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің» рөлі өте зор. Себебі бұл сьезде бүкіл жер жүзіндегі діндердің басшылары бас қосып, адам өмірінің құндылығы, бір-бірінің мүдделерін, сенімдерін құрметтеу, теңдік пен әділдік аясында қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы және тағы басқа мәселелер қозғалады.

Пікір • 03 Қазан, 2023

Ізгілік ойы бір арнаға тоғыссын

Діни сенімдер адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Адамның қоғамдағы, бүкіл ғарыштағы рөлін түсіндіреді, кемелдікке ұмтылуға шақырады. Қиын кезеңде діни ілім қажетті эмоционалдық және психологиялық қолдау көрсетеді.

Қоғам • 03 Қазан, 2023

Есет Байкен: Астана діни көшбасшылардың диалог алаңына айналды

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік бірегей моделі құрылды. Бұл жол бүкіл әлемге «Қазақстандық жол» ретінде танылды.

Сенат • 03 Қазан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысында депутаттар 5 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Көрме • 03 Қазан, 2023

Көрмеге 226 компания қатысады

Алғаш рет EXPO халықаралық көрме орталығында «Көлік және логис­тика» тақырыбында «TransLogistica Kazakhstan-2023» көрмесі өтеді. Бұл іс-шара отандық көлік апталығы аясында ұйымдасты­ры­лып отыр.

Қоғам • 02 Қазан, 2023

Пошташы неге қиналды?

Биылғы жаңа жылда екі-үш күн қатарынан қар жауды. Тобықтан аса. Ертеңіне жел тұрып, айнала ақ бұрқасын болды да кетті. Осы уақытта үйдегі қол жуғыштың шлангісінің бірінен су сыздықтап, тамшылап мазамызды алып тұрған. Далаға шыққың келмейді. Сонда да болса, біледі-ау деген адамдарды шақырып көрсетіп едім, олар: «Шлангісін ауыстырудан басқа лаж жоқ» дегенді айтты. «Жазған құлда шаршау жоқ» демекші, күннің райына қарамай «Жаңа ауыл» шағын ауданындағы құрылыс материалдарын сататын дүкенге баратын болып белімді будым. Жел үдемесе, басылатын түрі жоқ. Оның үстіне боранмен араласып қардың ұшқынынан әудем жерді де көруге де мүмкіншілік бермей келеді. Әйтсе де, «жол мұраты – жету» дегендей, ниеттеніп шыққан соң, амал жоқ.

Саясат • 02 Қазан, 2023

Инвестициялық жобаларды іске асыру

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығы­мен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөнін­дегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет • 02 Қазан, 2023

Бюро отырысы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.