
Жәдігер • 26 Сәуір, 2023
Қалалық мемлекеттік архив қорында жұмыс жасаған уақытымда «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінің 1959 жылдың 15 мамыр күнгі санында «Айша – қыз» атты әнге кезіктім. Әнін «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, өлеңін ақын Берқайыр Аманшин жазған. Бұл әннің бұрын-соңды радио, теледидар, сахнада орындалғанын мүлдем естімеген соң, қызығушылығымды тудырғаны. Ән туралы атақты композитор Ілия Жақанов ағамыздан сұрағанымызда, ол кісі Шәмшінің күні бүгінге дейін жарыққа шықпаған, жоғалып кеткен белгісіз әндері бар екендігін жоққа шығармады. Сонау 50-жылдардың аяғында жарияланған аталған әнді естімегенін айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева да бұл әннің қорда жоқ екендігін айтады.
Тарих • 26 Сәуір, 2023
Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.
Руханият • 26 Сәуір, 2023
Нәзік (Морт). Мазасыз (Үрейлі). Құбылмалы. Түсініксіз (Тұңғиық). Бұл – дүниетанушылардың BANI тұжырымдамасы бойынша соңғы 3-4 жылда қалыптасқан әлемді түсіндіру үшін берген сипаттамасы. Осы күрделі заманда біздің қоғам қасіретті қаңтар сынағынан өтті. Екінші жағынан, ғылым мен жаңа технологиялар арқасында адамзат жаңа мүмкіндіктерге де ие болды.
Пікір • 26 Сәуір, 2023
Еркіндік және нарықтық қатынас
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестен аңғарғанымыз: бізде мұндай ауқымды іс-шараны ұйымдастырудың жаңа мәдениеті қалыптасып жатыр. Президент енді елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне биліктің барлық деңгейіндегі тармақтары қатысатынын осы формат арқылы анық аңғартты. Бұл билікті орталықсыздандыру саясатының басталғанын көрсетті.
Әдебиет • 26 Сәуір, 2023
Әдебиет әлеміндегі кез келген құбылысты қалт жібермей қадағалап, таза шығармашылықпен айналысуға тіршілік қамыты мойын бұрғызбайтын өлара мезгілде, таланттарымызды құмнан алтын сүзгендей іздеп отыратын мүмкіндіктің қолы байланғанын несіне жасырайын?! Бүгінгі ұрпақтың көзіне мүлде басқа планетада болған қиял-ғажайып ертегідей елестейтін өткен ғасырдың сонау сексенінші жылдары жасы елуге келген ақын-жазушылардың жетістіктері, шығармашылық табысы, жаңалығы мен жеткен биігі жөнінде жанашыр ағалары салиқалы сөз бастап, соңынан ерген інілері қостап, мақалалар жазылып, дүние дүркіреп жататын.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Z ұрпақ: Интернетті қолдану мен еңбек нарығы
Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің әлеуеті басым. Содан болар Z ұрпақ ғаламторда коммуникация құралы ретінде интернет-мемдерді (ағыл. meme – интернетте тарайтын тапқыр, кекесінді мағына беретін сурет немесе бейнежазба түріндегі ақпарат) жиі қолданады. Аталған буынның еңбекке деген көзқарасы да зерделеуді қажет етеді. Z ұрпақтың осы және өзге ерекшеліктерін «Global Web Index» (GWI) пен «Randstad» атты екі компания сауалнама нәтижесінде анықтады.
Руханият • 25 Сәуір, 2023
Таяуда қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналист – өмір барлаушысы. Журналистика – өмір мектебі» атты сұхбат кітабы жарық көрді. Оның кейіпкері – төл баспасөзімізде 48 жыл тынбай еңбек еткен кәсіби журналист Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Өмірден көргені мен түйгені мол аға буын өкілінің авторға диалог, интервью түрінде айтқан әңгімелерінде кешегі заман, бүгінгі қоғам жөніндегі ойлары ешкімді енжар қалдырмаса керек. Кейіпкердің, әсіресе қазіргі қазақ руханиятындағы тұлғалар, олардың орны мен рөлі туралы түйіп айтқан толғамдары ерекше.
Жәдігер • 25 Сәуір, 2023
Сәбит Мұқановтың музейіндегі қонақ бөлменің төрінде жатқан аюдың терісіне алпыс жылдан астам уақыт өтіпті. Айтсаң, аңыз сияқты.
Руханият • 25 Сәуір, 2023
Ұлт этнографиясының қайраткері
Қазақ халқының тұрмыс-салты, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, қолөнері – тұтас болмысының бір бөлігі. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың ұлан-ғайыр тарихымен тығыз байланысты. Қаншама уақыттан бері халықтың осынау рухани, заттық мәдениеті толыққанды зерттелмей келді. Оның түрлі объективті және субъективті себептері болды. Басты себептердің бірі – ұлттың біртұтас, іргелі қоныстану жағдайының өзгеріске түсуі, этномәдени ортасының бүлінуі еді.
Тұлға • 24 Сәуір, 2023
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэзиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.