Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3226 материал табылды

Пікір • 18 Сәуір, 2023

Бедел биігі

Дүниеден көшкенімен көз алдыңнан жарқын да жылы жүздері кетпейтін, санадан көңілдері мен ықылас ниеттерінің іздері өшпейтін Бәйкен аға Әшімов, Әбіш Кекілбаев, Кенжеғали Сағадиев, Мақтай Сағдиев, Кәкімбек Салықов сынды қазақтың алыптары өз тіршіліктерінде Светлана Жалмағанбетованы «Света», «Светажан» деп өз қыздарындай еркелете айтатын сәттері қазір сағынышқа айналды.

Білім • 18 Сәуір, 2023

Аттестаттау: сынақ па, сүріндіру ме?

Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сын­ған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қала­сының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне алмағаны қалай деген сұрақ туады.

Қоғам • 17 Сәуір, 2023

№ 392 «Сайрам ісі»

Шымкент каласындағы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде сақталған құжаттарды зерделеу негізінде жергілікті халық көтерілістеріне қатысты құнды, көпшілікке әлі де белгісіз болып келген материалдар анықталды. Солардың ішінде бұрындары әр жерде естіліп қалатын, бірақ нақты айтыла бермейтін, 1930 жылы орын алған «Сайрам оқиғасы».

Қоғам • 17 Сәуір, 2023

Майдангер тарихшыға арналған конференция

Биыл қазақтың майдангер қыздарының бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Шағила Әкімбайқызы Құсанованың (1923-2019) туғанына – 100 жыл.

Үкімет • 17 Сәуір, 2023

Өңірді өркендететін – өндіріс

Премьер-министр Ә.Смайылов өткен аптада Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барып, Жезқазған мыс зауытында, Анненск кенішінде, Жезқазған жылу-электр орталығында, Сәтбаев орталық ауруханасында болды. Бұдан басқа да нысандарды аралап көріп, жұртшылықпен кездесіп, пікір алмас­ты. Сапар соңында орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшылары қатысқан Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бо­йынша кеңес өткізді.

Қоғам • 16 Сәуір, 2023

Қыз – елдің де, ердің де ажары

Сенекеден «Адам өлген соң қайда барады?» деп сұрағанда, ол «Өмірге қайта оралу үшін кезекке тұрады» деп жауап беріпті. Сөзінің жаны бар сияқты. Ұр­пақ неғұрлым көп болса, жа­рық дүниеге қайта оралу мүм­кіндігі арта түсетіндей. Айта­лық, Абылай ханның 70 баласы болған. Оның кіндігінен атақты Қасым төре, Кенесары, Наурызбай, Сыздық, Шоқандар өрбіді. Антропологтердің де­ре­гіне жүгінсек, Шоқан тіпті Абылай ханның аузынан түс­кендей, айнымайтын көрі­неді. Ал бірлі-жарым баласы бар біз қайтпекпіз? Басымыздың көбеюі үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары қажет-ақ. Өкініштісі, бүгінде тұрмыстық жағдайға байланысты жастарымыз некеге тұруға асықпайды. Есесіне некелескендердің үш­тен бірі ажырасып жатыр. Де­мографиямыз тасбақаның жү­рісіндей қарқынмен дамып келеді. Сонда қалай өркен­дейміз? Қайтіп ілгері басамыз?

Жастар • 16 Сәуір, 2023

Жастардың жақсылық жәрмеңкесі

Руханият • 16 Сәуір, 2023

Түркістан тұтастығының рухани-мәдени коды

Бүгін біз рухани азаттықтың негізі ретінде бабалар мұрасын жаңғырту мен дамытудың маңызы туралы сөз қозғасақ та, іс жүзінде бұдан отыз жыл бұрын құтылдық деген бұрынғы отаршылдық парадигма идеологиясының құрсауынан толық шыға алмай келеміз. Біз бұл жерде өзіміздің руханият пен мемлекет арақатынасынан мәдени-рухани сабақтастастық іздейтінімізді айтуымыз керек,­ ал оны кезінде Кеңес өкіметі өзінің «шеткері ұлттарға» қатысты емін-еркін жүргізген мәдени-таптық ассимиляциялау жобалары аясында аямай қарап келгені жалпыға аян.

Ғылым • 14 Сәуір, 2023

Ғылым саласындағы ұлттық кеңес

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төр­ағалығымен Пре­зи­дент жанындағы Ғы­лым және техно­ло­гиялар жөніндегі ­Ұлт­тық кеңестің алғаш­қы отырысы өтті. Жиын­да елі­міз­­дің ғы­лыми-техника­лық сая­сатының алдағы басым­дықтары айқы­ндалып, Ұлттық ғы­лым академиясы­ның жаңа президенті та­ғайындалды. Бұл оқи­ғаларды ғы­лы­ми қауым қалай қа­былдады? Сұрап біл­ген едік.

Жастар • 14 Сәуір, 2023

Жастар саясатының жай-жапсары

Жастар саясатын жаңғырту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформаның негізгі бағыт­та­ры­ның бірі. Бұл бастама көпшілік қолдауына ие болып отыр. Өйткені бола­шақ­қа алаңдайтын әрбір саналы адам жастар саясатына бейжай қарамауы керек.