Таным • 15 Ақпан, 2024
Шам мұзы: Әрі көрікті, әрі қауіпті
Кез келген дүниенің бастауы болатыны сияқты қыстың да тарихын тым әріден қозғауға бейілміз. Расында, қыс – жыл ішіндегі ең суық төрт мезгілдің бірі. Жердегі қыстың тарихы миллиондаған жылдарға созылады дейді ғалымдар. Ғаламшар тарихында температура тым төмендеп, жер бетінің үлкен бөліктері мұзбен жабылған бірнеше дәуірлер өткенінен бірсыпыра хабардармыз. Мұндай уақыттардың мысалдары кеш палеозой мен плейстоцен кезеңдеріне жатқызылып жүр. Бұл кезеңдерде қыс ұзақ тұрып климаттық жағдайлар соған бейімделеді. Қарабайыр қоғамдар мен ең алғашқы өркениеттер үшін де қыс маңызды рөл атқарды. Адамдар табиғатқа және оның циклдік сипатына тәуелді болды. Оларға қыстың көзі қырауда азық-түлік ресурстарының шектеулі болуы және сүйектен өтетін суық температураның өзі де үлкен қиындықтар тудырған еді.
Басылым • 15 Ақпан, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жас жазушы Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» кітабының таныстырылымы өтті. Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, елордалық ақын-жазушылар, әдебиет сыншылары, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Дін • 15 Ақпан, 2024
Пайғамбарлар төресі Мұхаммед (оған Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) – адамзат тарихында орасан зор ізі бар ұлық тұлға. Оның адамзат дамуындағы рөлін айтып жеткізу мүмкін емес болар. Өйткені Алланың соңғы елшісінің орнын басқан ешкім жоқ, болмайды да. Оның ілімі өз дәуіріндегі әлемдік оқиғалардың даму барысына әсер етті. Тарих дөңгелегін өзгертті. Сол ілім сан ғасырлардан бері мына ғаламды жайлаған исі мұсылманның жүрегінде сақталып, өмір сүру қағидаттарын анықтап, өзінің сара жолын көрсетіп келеді.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
Мәдениетіне қамқор қаған да, халық та бақытты
Көңіл түкпірінде тұнып жатқан бүгінгі музыка өнері жөнінде ашық ой түюіме Мемлекет басшысының Қазақстанды қайта жандандыру жолына бастайтын жеңісті де жемісті істерінің түрткі болғанын жасыра алмаймын. Біздің мәдени-рухани байлығымыздың бірегейі – музыка (Ахмет Байтұрсынұлы оны «әуез» деп атаған). Саналы өмірінің өзегі – қазақ халқының мәдени-рухани болмысы болған, діні, тегі бөлек, орыстың этнограф-ғалымы Григорий Потанин «маған барша қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» дегені сондықтан болар. Иә, шетсіз-шексіз далада жыл құсындай көшіп-қонып ғұмыр кешкен, артық жүк алып жүрмейтін қазақ домбырасы мен қобызын қасынан бір елі кейін тастамады, өзімен бірге сапар шекті.
Пікір • 15 Ақпан, 2024
Жас шаруалар қолжетімді несиеге зәру
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайына арнайы тоқталды. Расында, адам капиталын дамыту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру жайында сөз қозғағанда оның қозғаушы күші жастар екенін көбіне-көп ұмыт қалдырып жатамыз.
Қаржы • 15 Ақпан, 2024
Бюджет және салық саясаты: тиімділікті арттыру тетіктері қандай?
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет және салық саясатының тиімділігін арттырудың маңызды, өзекті мәселесін көтерді. Ал бюджеттік және салықтық жүйелер – экономиканың дамуына негізделген мемлекеттің қаржылық негізі.
Тарих • 15 Ақпан, 2024
Кеңес кезеңінде ұзақ уақытқа созылып, қаншама адамның өмірін жалмап, қайғы-қасірет әкелген нәубеттің бірі – Ауған соғысы. Кім үшін, не мақсатпен болып жатқаны белгісіз сұрқия соғыста еліміздің азаматтары әскерде берген антына адалдық танытып, соңына дейін арпалысты.
Кино • 14 Ақпан, 2024
«Шәкен Айманов – нағыз табиғи дарын иесі, тума талант. Жас кезінен-ақ ол өзін әртіс ретінде таныта білді. Ал бұндай біртуар табиғи дарын ешқашан бір жақты болмайтыны белгілі. Ол жан-жақтылығымен дами түседі. Тамаша сахна актері Шәкен аға театр режиссері болып, фильмдерге түсті. Кино түсіре жүріп ауқымды қоғамдық жұмыстар атқара білді», деген екен шәкірті, «Транссібір экспресі» фильмінің режиссері Эльдор Оразбаев.
Пікір • 14 Ақпан, 2024
Әлеуметтік әділдік – басты бағдар
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоғам үшін қажетті бірнеше бағытқа тоқталды. Соның ең маңыздысы – бұған дейін баяу қимылдаған бюрократиялық машинаның қарқынын арттыру міндеті.
Пікір • 14 Ақпан, 2024
Мемлекет қаражаты қатаң бақылансын
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы өткен жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта атқарылуға тиіс әлеуметтік-экономикалық міндеттерді айқындап берді. Ең бастысы, ел дамуындағы экономикалық өсім азаматтардың өмір сапасының жақсаруына және нақты табысының артуына тікелей әсер етуі қажет.