Тағзым • 09 Қазан, 2024
Майдан мен еңбектің біртуар батыры
Келесі жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. 1 418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста сан мыңдаған қандасымыз отқа түсіп, қаншама боздағымыз ерлік көрсетті. Солардың бірі – биыл туғанына 100 жыл толған Кеңес Одағының батыры Сейітқасым Әшіров.
Аңдатпа • 09 Қазан, 2024
12 қазан - Есенғалиға арналады «Алатау» дәстүрлі театрында Есенғали Раушановтың шығармашылығына арналған «Менің драмам» атты поэтикалық кеш өтеді.
Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы
Пікір • 08 Қазан, 2024
Осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елде АЭС құрылысын салу тек референдум арқылы ғана шешілетінін айтқанын ұмытқан жоқпыз. Биылғы Жолдаудан кейін көп талқысы болатын күн нақтыланып, ел соны елеңдей күтті.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Тарихи шешімге үлес қосуды парыз санадық
Бұл референдумдағы өзгерістің бірі – саяси партиялардан байқаушы ретінде қатысу үшін аккредитациядан өту белгіленген. Шілде айында Орталық сайлау комиссиясы осындай бұйрық шығарыпты. Біз мұны білмей қалыппыз. Ал «Сайлау туралы» заң талабы бойынша партиялардан келген сайлаушылар аккредитациядан өтпейтін еді. Бірақ референдум алдында бұл ереже қапелімде өзгертілген. Сондықтан осы референдумның қалай өткеніне терең баға бере алмаймыз. Өйткені біз байқаушы ретінде оған қатыса алмадық.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Еліміз шын мәнінде әділетті, халық игілігіне жұмыс істейтін қуатты мемлекетке айналатынына кәміл сенемін. Референдумға дайындық алдында АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық штабтың құрамында халықпен кездесулерге қатысып, экономикалық бастаманың пайдасы мен мәні жайында жұртшылыққа түсіндіруге тырыстым.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Референдумға Әзербайжаннан – 13 адам, Парламенттен – 6, Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам келдік. Қазақстандағы дипломатиялық миссиядан тағы 3 адам бар. Сағат 15.00-ге дейін 45 учаскеге барып, дауыс беруді бақылап үлгердік.
Сенат • 08 Қазан, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтті. Онда депутаттар 10 қазанда өтетін отырыстың күн тәртібін бекітіп, Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Халық таңдауы жаңа белеске шығарады
Орталық референдум комиссиясы АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Басылым • 08 Қазан, 2024
Таяуда «Mazmundama» баспасынан белгілі шығыстанушы, аудармашы, прозашы Қалбан Ынтыханұлының «Әміршінің түсі» атты тарихи деректі романы жарық көрді (2024 жыл, 232 б.).