Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады
Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан облысына сапары аясында креативті және белсенді жастармен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық сектор мен сарапшылар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Батыс Қазақстан облысында Ата заң жобасының жаңашылдықтары мен басымдықтары түсіндірілді
Орал қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Батыс Қазақстан облысының зиялы қауымымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Талқылауға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Парламент депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйымдардың, өңірдің заңгерлік және сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 27 Ақпан, 2026
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Еліміздің өнер жұлдыздары Конституциялық реформаларды қолдап, халықты жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды. Олар 15 наурызда өтетін республикалық референдумда Отанымыздың келешек тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Конституциялық реформа – тек Негізгі заңға енгізілетін өзгертулер емес, ол – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көк туымызды әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларымыз да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаи Құрама Штаттарына ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер, американдық корпорациялармен келіссөздер және стратегиялық бастамалар еліміздің жаһандық экономикадағы орнын күшейтуге бағытталған. Бұл сапар Қазақстанның басты мақсаты – экономиканы ресурстық тәуелділіктен арылтып, жоғары қосылған құнды өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібін кеңейту және шетелдік капиталмен ұзақмерзімді серіктестік орнату екенін айқын көрсетті.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Таңертең сабаққа асыққан оқушы сөмкесіне кітаппен бірге планшетін салып шықса, ал мұғалім бірнеше минут ішінде көрнекі материал дайындап үлгерсе, бұл – қиял емес, бүгінгі білім кеңістігінің шынайы көрінісі, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Кез-келген адам әлемдегі ең мықты, әл-ауқаты жақсы мемлекетте өмір сүргісі келеді. Сондықтан әркім өз елінде әлеуметтік жағдай жоғары, экономикалық даму тұрақты, заң және саяси жүйе әділ болғанын қалайды. Бұл аталғандардың бәрі – «тұрақты даму» деп аталатын ауқымды ұғымға тоғысады. Ал дамудың негізін қалайтын басты құжат – елдің негізгі заңы, яғни Конституция.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Қазақстанда басталған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындап отыр. Бұл тек нормаларды түзету емес, билік тармақтарының жауапкершілігін нақтылау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қадам. Реформа жағдайында заң шығарушы орган – Парламенттің рөлі айрықша мәнге ие бола бастады.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Сіз маңызды жетістікке жетіп, айналаңыздан мақтау естіген сәтте іштей: «Бұл жай ғана сәттілік, ерте ме, кеш пе менің ештеңе білмейтінімді бәрі түсінеді» деп ойлаған кезіңіз болды ма? Егер иә болса, сіз «алаяқ синдромымен» (Imposter Syndrome) бетпе-бет келдіңіз. Бұл – адамның өз жетістігін лайықты деп санамай, оны кездейсоқтыққа балап, өзін ішкі әлемінде «білімі жоқ алдаушы» ретінде сезінуі. Бұл ауру емес, психологиялық күй. Ол адамның кәсіби дамуына, өзін-өзі бағалауына және өмірден алатын қанағатына тікелей әсер етеді.