
Ғылым • 27 Желтоқсан, 2022
Мұғалжар ауданы Ембі қаласының №7 қазақ орта мектебінде математик-ғалым Шәмші Айпановты еске алу іс-шарасы өтті. Кездесуге ғалымның жары Гүлжаухар Кәкенқызы, туыстары мен жерлестері қатысып, талантты ғалым туралы естеліктерімен бөлісті.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Ақын жүрегіндегі елорда» атты еске алу кеші өтті. Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай, қоғам қайраткері Зейнолла Алшымбаев, әдебиеттанушы-ғалымдар Бауыржан Омаров, Амантай Шәріп, ақындар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2022
Сенат Бюросының мүшелері 2022 жылғы 26 желтоқсанда өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
«Әлемнің жеті кереметі» деген тақырыппен таңғажайып құбылыстар арагідік әңгіме болып жатады. Мен әлемнің ең кереметі – қазақ ұлтының бүгінгі күнге аман-сау, ұлттық қасиетін жоғалпай жеткені дер едім. Сан ғасыр қанша қыспақ көрсе де, алпауыт империялар жер бетінен жойып жіберудің бар амалын қарастырып, соған айла-шарғысын, күш-қуатын сарқа жұмсаса да, «Аққа Құдай жақ болып», бәрінен аман қалыппыз. Құдайдың жақ болғаны сол, бізге сырттан келген удың бәрін құмға сіңген судай етіп, құрдымға құртып отыратын алпауыттарды беріпті. Соның бірі – бәрімізге қадірлі Рахаң. «Қадірлі» дейміз, тірісінде қасиетін таныдық па, жоқ па, оған уақыт төреші.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2022
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
Зейнолла Қабдолов туралы жазу оңай емес екенін білемін. Алайда атына бала күнімнен қанық біртуар ғалым туралы өз ойымды оқырманмен бөліскім келді. Маған сөз өнері жайында Қабдоловтан артық мөлдірете жеткізген адам жоқ сияқты көрінеді.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2022
Мұнай-газ саласының көрнекті тұлғасы Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин туралы сыр Тіршілікте байқайтынымыз – адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, мәртебелі билікке, ықпалды дәулетке қол жеткізсе де, қаншама жыл өтсе де әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. Қазақстан мұнай-газ саласының қарымды қайраткері Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдиннің тұла бойына біткен тума қасиеттері естігенді қызықтырады, көргенді қайран қалдырады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022
Семей күнбағыс майын экспортқа шығарады
Абай облысының орталығы – Семей қаласында өндіріс орындары ашылып, өңір экономикасын дамытудың жаңаша бағыты айқындала бастады. Соның бір дәлелі – қаланың шет аймағынан іске қосылған күнбағыс майын өңдейтін «Qazaq Astyk Group» зауыты. Кәсіпорынды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырып, ісінің өрге басуына кеңінен қолдау көрсетіп отыр.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022
Үздік волонтерлер тобы марапатталды
Астанада «Volunteer FEST» фестивалі өтті. Қалалық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылған іс-шарада 50 волонтерлық ұйым 8 бағыт бойынша марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2022
Алаңдататыны – ақпараттық қауіпсіздік
Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» бекітілмек. Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Ол әсіресе ақпараттық тұжырымдамаға сай жаңартылуы керек.