
Саясат • 17 Қараша, 2022
Президенттікке кандидат, құқық қорғаушы, қоғам қайраткері Салтанат Тұрсынбекова еліміздегі мыңдаған әйелдерді алаңдатып отырған – алимент төлеуден жалтару мәселесін көтерді.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Президенттікке кандидаттардың бірі – Нұрлан Әуесбаев елордалық сайлаушылармен кездесу барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды. Бұл ұсынысты ол Түркістан қаласында өткен сайлауалды кездесуде айтты.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастырды.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Тараздықтарды толғандырған мәселелер
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен «Көкжиек-2030» Тараз сүт зауытына барып, кәсіпорын ұжымының ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Саясат • 17 Қараша, 2022
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Пікір • 17 Қараша, 2022
Әр мүсінге үлкен ізденіс керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына сапары аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқаны баршаға белгілі. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінен кейін Президент бізді қасына шақырып, қолымызды алып, ризашылығын білдірді.
Пікір • 17 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуінде қоғамдық көлік саласындағы кемшіліктерді атап көрсетті. Әлбетте күн санап аумағы артып келе жатқан мегаполис үшін бұл көптен бері бас ауыртар мәселеге айналғаны мәлім. Бұл бағытта қаншама бастамалар қолға алынғанымен оң нәтиже байқала қоймады. Әсіресе көлік кептелісі жұрттың жүйкесін жұқартып отыр. Экология жанашырлары да бұған дабыл қаққалы қашан. Президент қала билігіне бұл мәселелерді оңтайлы шешуді тапсырды.
Саясат • 16 Қараша, 2022
Әділетті Қазақстан құру үшін қандай тұлға керек?
Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген-ді. Елімізде президенттік сайлауға қатысатын барлық кандидаттың аты-жөні белгілі болып, олардың сайлауалды штабтары жұмыс істеп жатыр. Сайлауға қатысатын халық та ендігі жерде кімге дауыс беру керектігін ойластыра бастағаны анық.