
Руханият • 06 Қараша, 2022
Тарихи, саяси жағдайға байланысты кеңес өкіметі қалыптастырған жүйе әлі күнге дейін жалғасып келеді. Оны алып тастауға ең әуелі қоғамның өзі дайын емес екені анық. Себебі бізде қалай болғанда да «әлеуметтік мәселенің бәрін өкімет шешіп беруі тиіс» деген ұғым әлі де басым. Сондай өткеннен қалған көзқарастың бірі – идеологияға қатысты саясат.
Әдебиет • 06 Қараша, 2022
Көзі тірісінде-ақ қазақ халқының мақтанышына айналған, көркем шығармаларының арқасында «сөз зергері» атанған, академик-жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің туғанына биыл 120 жыл толады. Оның өмір жолы, шығармашылығы туралы талай рет жазылды, жазыла да берер. Оларды қайталай берудің қажеті бола қоймас. Бүгін жазушының кіндік қаны тамған жерінің әсем табиғатының, сол жерлерде болған оқиғалардың оның кейбір көркем шығармаларына тигізген әсері туралы сөз қозғамақпыз.
Қоғам • 06 Қараша, 2022
Үрмелі аспаптар академиясы ашылды
Алматы қаласында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізінде Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қордың, Қазақстандағы Гете институтының және Француз альянсының қолдауымен Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы ашылды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен классикалық музыка өнеріндегі бірегей жобаның негізгі ұйымдастырушысы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы.
Қоғам • 04 Қараша, 2022
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 133 мың азамат, оның ішінде 24,9 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 167,6 мың қазақстандық тіркелді, оның 154,1 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Пікір • 04 Қараша, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша Парламентте қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға рақымшылық жариялау жөнінде заң жобасы дайындалған еді. Сол құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды.
Пікір • 04 Қараша, 2022
2 қарашада «Рақымшылық туралы» заң күшіне енді. Бұл құжаттың қабылдану себептерін ескерсек, еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы барын аңғаруға болады. Қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары ақталып, түрлі деңгейде қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді.
Пікір • 04 Қараша, 2022
«Рақымшылық жасау туралы» заң мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген.
Пікір • 04 Қараша, 2022
Кез келген рақымшылық қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған қадам ретінде қарастырылады. Амнистияға ілігетін адамның келісімі қажет болғандықтан, құқықтық тәжірибеде рақымшылық актілері тек тірі адамдарға қатысты қолданылады. Сондықтан да рақымшылықты оңалту актісімен шатастырмаған жөн.
Саясат • 04 Қараша, 2022
Саяси реформаларға басымдық беріледі
Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Алматыға келді. Сапар аясында №176 мектеп-гимназияда жергілікті сайлаушылармен кездесті.
Саясат • 04 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша алматылықтармен кездесу өткізді.