
Саясат • 28 Қазан, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Жезқазған мыс балқыту зауытына барды. Кандидат анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.
Саясат • 28 Қазан, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесті. Сайлауалды жиынға қала тұрғындары, ұлттық киім өндірушілері және қолөнер шеберлері қатысты.
Саясат • 28 Қазан, 2022
Насихат Абай өңірінен басталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады. Аталған кандидатты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері үгіт-насихат кездесулерін бастап кетті. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды.
Саясат • 27 Қазан, 2022
Арал мәселесі Еуропа назарында
Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитетінің кеңесіне онлайн түрде қатысып, сөз сөйледі. Онда ЕҚЫҰ өңіріндегі экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Қоғам • 27 Қазан, 2022
Қарағаштан басталған қасқа жол
Қазақтың байтақ даласы қай заманда да текті тұлғаларға кенде болмаған. Әр жерлерде қарағайдай оқшау бітімді, емендей ерен көрінетін, сөйлесе аузы дуалы, істесе ісі ілгері аттайтын, көпке өнегелі, жұртқа үлгілі болып жүрген азаматтар бар. Сондай азаматтардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, публицист, Сенаторлар Кеңесінің мүшесі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері Жабал Ерғалиев.
Саясат • 27 Қазан, 2022
Анадолының інжу-маржаны саналатын әйгілі Изникте көшпелілер рухы апта бойы салтанат құрған айтулы аламанға да көп өте қойған жоқ. Баршаңызға мәлім, аз уақыт бұрын ғана Түркияның Бурса аймағы Изник шаһарында өткен IV Дүниежүзілік көшпелілер ойындары түркі тектес жұртты ғана емес, жаһандану дәуіріне бет алған жарты әлемнің назарын өзіне аудартты.
Қоғам • 27 Қазан, 2022
Балалардың қатысуымен болатын өрт оқиғалары азаймай тұр. Әсіресе мектеп демалысы кезінде жағымсыз жағдайлар жиі тіркеледі. Егер өрттің себебі ата-аналардың балаларды дұрыс қадағаламауы себебінен туындаса, бұл үшін заңда жаза қарастырылғанын естен шығармаған жөн.
Қоғам • 27 Қазан, 2022
ХҚО-дан дайын құжаттарды алуға енді үйден тапсырыс беруге болады. Оны Яндекс жеткізу қызметінің курьерлері әкеп береді. Жеткізу уақыты орта есеппен бір сағатты құрайды. Осылайша, танымал мемлекеттік қызметтердің 150 түрі бойынша құжаттарды алуға болады. Қызмет Қазақстанның 17 қаласында қолжетімді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 27 Қазан, 2022
Елімізге сүйіншілеп жеткізетін жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Мәдениет және спорт министрлігінен арнаулы мемлекеттік тапсырыс аясында Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық мұрасы жарыққа шықты.
Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Ассамблея мүшелерінің марапаты
Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай мемлекеттік және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.