
Саясат • 15 Қазан, 2022
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары
Мейрам Зекешұлы Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
Қазақстан • 14 Қазан, 2022
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС (бұдан әрі – Редакция) 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған газет көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
Александр Фуртин мен Александр Бряков есімді азаматтар Бурабай ауданы Баянбай ауылының маңынан әлсіреп ұша алмай жатқан бірқазанды тауып алды.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Балқаш филиалымен бірлесіп Балқаш көлінің Бертіс шығанағына 180 мың сазан шабағын жіберді. Балқаш көлінде балық шаруашылығын дамыту жоспары аясындағы іс-шара жалғасын тауып, көлге жіберу үшін тағы 55 мың сазан шабағы әкелінеді.
Руханият • 14 Қазан, 2022
Социалистік жүйенің тар қалыбына сыймаған аяулы азаматтардың бірі Сағалбай Жанбаев. Ол бар ғұмырын, күш-жігерін ел жағдайын жақсартуға, қазағына қамқор болуға арнады. Жанбаевтың саяси аренадағы басшылықтан ығыстырылуы еліміздегі Тың игеру науқанына байланысты өрбіді.
Қоғам • 14 Қазан, 2022
Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД-ге қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын бір азаматқа 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалды.
Саясат • 14 Қазан, 2022
Тоқсаныншы жылдардың соңында елімізде демократияның дүмпуі сезіліп, дербестікке ұмтылған халқымыз азаттықтың самалын сезіне бастады. Бұрынғы одақтың шаңырағы шайқалып, тоқырау шегіне жете бастаған тұс еді бұл. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы болған Ерік Асанбаев осыған орай депутаттар алдында көлемді баяндама жасайды. Президенттің қолдауымен сол жолы еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданып, ел тарихында маңызды құжатқа қол қойылды.
Саясат • 14 Қазан, 2022
Өңірлерде «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумының қорытындыларын талқылау жалғасты.
Пікір • 14 Қазан, 2022
АӨСШК VI саммиті халықаралық жағдайдың мейлінше ушыққан, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында өзара сенім деңгейі төмендеген, аймақтық мәселелерде түйінді сұрақтар қордаланған уақытпен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда аталған іс-шараның маңызын халықаралық, аймақтық және мемлекеттік мүдде тұрғысынан, үш деңгейде қарастыруымыз керек.
Пікір • 14 Қазан, 2022
Елорданың төрінде өткен алқалы жиынның маңызы зор. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің кезекті саммитін өткізуге біздің мемлекет бастамашы болды. Еліміздің дипломатиялық қызметіне 30 жыл толуымен тұспа-тұс келген іс-шара халықаралық саяси аренадағы мәртебемізді арттыра түскені анық. Әлемде, алысқа бармай-ақ көрші мемлекеттерде геосаяси ахуал ушығып тұрған кезеңде дипломатиялық қатынастың рөлі жоғары. Осы тұрғыдан қарағанда, аталған кеңестің маңыздылығы зор деуге толық негіз бар.