
Пікір • 07 Қазан, 2022
Қоғамдық қабылдаудың жұмысы күшейтіледі
Елордада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтті. Ауқымды әрі мәнді іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Күн тәртібіне сәйкес алдымен алдағы президенттік сайлауға партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.
Пікір • 07 Қазан, 2022
Жастар халқымыздың, мемлекетіміздің алдындағы өз жауапкершілігін қашанда терең сезінеді. Ұлтымыздың басынан өткен күрделі әрі қиын сәттерде рухты, намысшыл жастарымыз Азаттық туының астына жиналды, ата-бабаларымыздың аманатына адалдық танытты! Бұған – тарих куә.
Саясат • 07 Қазан, 2022
Саясат • 07 Қазан, 2022
Жұдырықтай жұмылу елді жігерлендіреді
«Amanat» партиясының тарихи съезінде еліміздің түкпір-түкпірінен 1 200 делегат бас қосып, алдағы президент сайлауына өз үміткеріміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсындық. Аманаттықтар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Саясат • 07 Қазан, 2022
Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.
Саясат • 06 Қазан, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына келген сапарында Әлиханның 150 жылдығында, Қарқаралы петициясының 115 жылдығында да қозғалмаған Арқа жеріндегі Алаштың тарихы туралы дәйекті ой айтты.
Саясат • 06 Қазан, 2022
«Малыңды жауға,Басыңды дауғаҚор қылма, қорға, татулас!» Абай
Аймақтар • 06 Қазан, 2022
Мынау ешқандай өлшемге сыймайтын алмағайып өмірде «өз орнымды таптым» деп кесіп айтатындар бар ма екен? Бар болса, солардың қатарына ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ҰҒА-ның құрметті академигі, «Бурабай ауданының құрметті азаматы» Болат Мәжитұлын нық қосуға болатындай.
Сұхбат • 06 Қазан, 2022
Адамзат тарихына үңілсеңіз, есепсіз соғыстар, қақтығыстар барысында жеңуші жақтың тонаушылық әрекеттері, контрибуция есебінде қымбат заттарды тартып алуы негізінде небір адам қолынан туындаған асыл заттар бір елден бір елге көшіп отырғанын байқайсыз. Мұнан басқа контрабандалық жолмен де, авантюрист қазына іздеушілер мен қазіргі күнгі «қара археологтер» деп аталатындардың тапқанын шет елдерге сатуы арқылы да ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінен, Үндістан мен Қытайдан, Орталық Азия қалалары мен далаларынан есепсіз жәдігерлер қолды болып, дамыған елдердің музейлерінен немесе бай коллекционерлердің жеке қорларынан орын тапты. Түркістандағы Ясауи кесенесінен қолды болған құндылықтардың ең бір асылы туралы «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаевпен кездесіп, әйгілі Луврдағы шырағданның онда қалай барғаны және оны елге қайтарудың қандай қисынды жолдары бары төңірегінде пікір алысқан едік.
Қоғам • 06 Қазан, 2022
Орталық Азияда төтенше жағдайды хабарлайтын бірыңғай жүйе құрылады
Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің ТЖ ведомстволары басшыларының кеңесінде Төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың бірыңғай Орталық Азия жүйесін құру ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Тәжікстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.