
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Саяси бағытты орнықтыру тәсілі
Қазақстанда жаңа электоралдық кезең басталды. Референдумнан кейін елдің бірқатар сарапшылары конституциялық реформаның барысы президенттік және парламенттік сайлау өткізу қажеттілігін білдіреді деген еді.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Жаңа Қазақстанда – жаңа сайлау
Жылды жаңадан сайланған президентпен аяқтағалы отырмыз. Негізі, сайлау өтетіні туралы кейбір сарапшылар ашық айтып та жүрді. Ондай болжам жасауға саяси-әлеуметтік оқиғалардың себеп болғанын жоққа шығара алмаймыз.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Алдағы президент сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы. Ата Заңымыздың шамамен үштен бірі жаңартылды. Осылайша Президент жариялаған саяси трансформацияны жүзеге асыру басталды. Сондықтан бұл саяси институттарды қайта іске қосу үшін кезектен тыс президент, парламент және мәслихат сайлауын өткізу қажет.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Қазіргі таңда айналамызда болып жатқан геосаяси оқиғалар мен өзгерістер ешкімді бейжай қалдырмайды. Отыз жылда кеткен олқылықтардың орнын толтырып, барлық саладағы кемшілікті түзетуге бәріміз мүдделіміз. Мынау аласапыран әлем қазір айтысып-тартысып отыратын уақыт емес екенін көрсетіп отыр.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кәсіптік біліктілік туралы екі заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырысты ашқан комитет төрағасы Жәмила Нұрманбетова «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасының 1 қыркүйектегі Жолдау аясында әзірленгенін айтты.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Халық пен билік арасындағы сенім институты
Мемлекет дамуының тарихына назар салсақ, әлемдік тәжірибеде жоғарғы билікті ұйымдастыруды, яғни мемлекеттік басқаруды іске асыру үшін сайлау маңызды рөл атқарған. Ежелгі Грекия мен Римде еркін азаматтар халықтық жиналыстарға қатысып, қолдарына бюллетень алып, жеребе арқылы саяси өмірге белсене атсалысқан.
Пікір • 23 Қыркүйек, 2022
Жеті жыл – жетістіктің бастауы
Биылғы сайлаудың өтетін күні белгілі болды. Бұл көптен күткен саяси оқиға болғандықтан, жұртшылықтың елең ете қалғаны анық. Кезектен тыс сайлау жаңа реформалардың бастауы болады деп сенемін.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022
Зергерлік бұйымдарды тасымалдау бақыланады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы кезекті жиында асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды экспорттау мен импорттаудағы түрлі кедергілер талқыланды. Бейнебайланыс режімінде ұйымдастырылған басқосуға ведомствоның жауапты өкілдері, сынақ палаталарының қызметкерлері және қазақстандық зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен өткізушілер қатысты.
Тарих • 22 Қыркүйек, 2022
Түрікменнің алашшыл қайраткері
Патшалық Ресей тұсында Түркістан өлкесінің іргелі білім ордасы саналған Ташкент мұғалімдер семинариясын түркі халықтарынан шыққан 65 адам бітіргені белгілі. Шәкірттер тізімінде қазақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен бар. Сол түлектердің бірі Күмісәлі Бөриев (түрікм. Kümüşaly Böriýew) – ХХ ғасыр басындағы төңкерістер заманында аймақтың қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өміріне қызу араласып, оның ішінде Алаш қозғалысының тарихында жарқын із қалдырған қабырғалы қайраткер.