
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының съезі – Қазақстанның аса маңызды бастамасы. Бұл – діндер және өркениеттер арасындағы шиеленістерді сабасына түсіруге себепші болатын дуалы ауыз дін басшыларын біріктіретін бірегей форум. Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діннің, білім мен діни ағартушылықтың рөлі, бейбіт қатар өмір сүрудегі діни лидерлердің қосар үлесі тәрізді ортақ мәселелер негізінде құрылған диалог өзара ынтымақтастықтың келешегін кеңінен ашып, қазіргі заманның зорлық, фанатизм, экстремизм және лаңкестік тәрізді жағымсыз көріністерін еңсеруге түрткі болады.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Астана декларациясында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер ортақ құндылықтар негізінде еуроатлантикалық аймақта бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құруға ниет білдірді. Сонымен бірге декларация дискриминациямен және төзбеушілікпен күресу үшін қосымша күш салу қажет екенін атап өтті. Декларацияда бейбітшілік мақсатымен диалогті қолдау үшін бәрін жасау керектігі айтылған.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Дін өкілдері арасында алауыздық жоқ
Әлемдік дін көшбасшылары жиналған съезге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе, Қазақстанның ғажайып жерінде, барлық этностың арасында өзара құрмет орнаған жерде болу – зор құрмет.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2022
Адамзат зор үміт күткен XXI ғасыр сол үмітті ақтай қоймағаны анық. Жер жаһанда бұрын-соңды болып көрмеген қарулы қақтығыстыр жаңаша өрши түсті. От қарудың ажалынан жан сауғалаған босқындар әлем елдерін кезіп кетті. Ол аздай дүние жүзін жайлаған тажалды індет еш майданнан кем болған жоқ. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс та әлемнің мазасын алып тұр.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда азаматтарға діни сенім құқықтарына байланысты зайырлы немесе діни білім алуларына жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Мемлекеттік білім беру бағдарламасында жастарға білім беру сапасын арттыруға арналған қолайлы бағыттары айқындалған. Діни білім алуға ниет білдірген жастарымызды діни адасушылық пен радикализмнен сақтандыру мақсатында бірнеше санаттағы орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім бағдарламалары қарастырылған.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғарғы мәртебелі имам Ахмад ат-Тайеб кеше елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, бесін намазына қатысты.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз сөйледі. Жер-жаһан көз тіккен іргелі жиын дұға жасау үшін бір минуттық үнсіздіктен басталды. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» атты пленарлық отырысты ашқан Мемлекет басшысы Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Халықаралық институттардағы дипломатиялық қарым-қатынастардың босаңсуына қарамастан дінаралық байланыстардың маңыздылығын жоғары қоямыз. Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Діни бостандық шектелмегені жөн
Халықаралық Парламентаралық одақ 1897 жылы құрылды. Біз парламенттік қызмет арқылы бүкіләлемдік келісімді қамтамасыз етеміз. Одақ адамзат алдында тұрған жалпы ортақ проблемаларды шешудегі негізгі түйткілдерді қарастырады.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022
Ұлтына, дініне қарамастан планетадағы әр адам бір-біріне бауыр. Қазіргідей алмағайып заманда адами құндылықтардың жиі аяққа тапталатынын көріп жүрміз. Дін өкілдері саясаткер болмасақ та шиеленіскен жағдайдың бейбіт түрде шешілуіне ынталымыз.