Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Экология • 28 Шілде, 2022

Қоршаған ортаға қауіп төндіреді

Ормандардағы өрт қауіптілігін ауа райының жағдайлары бойынша жіктеу ормандардың өрт қауіптілігіне әсер ететін метеорологиялық жағдайларға байланысты тиісті аумақта орман өрттері шығуының және таралуының ықтималдылық дәрежесін анықтайды.

Қаржы • 28 Шілде, 2022

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз...

Салықтық міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда салық төлеушілер әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енуі мүмкін. Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болатынын Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтып берді.

Қоғам • 28 Шілде, 2022

Жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытады

«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту мәселесі талқыға салынды. Іс-шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ержан Утюбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, әкімдіктердің және жеке бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан • 28 Шілде, 2022

Жаңа Қазақстанға – заманауи ашық архив

Қай мемлекетте болсын архив – тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттің міндетті атрибуттарының бірі. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында қоғамның бүкіл саласында болып жатқан өзгерістер архивтерге жаңа міндет қойып отыр. ХХ ғасырдың және Тәуелсіздік кезеңнің әлеуметтік-саяси тарихының құжаттарын сақтаушысы ретінде 1994 жылы құрылған елдегі ең ірі архив – Қазақстан Республикасының Президенті Архивіне ерекше жауапкершілік пен міндет жүктелген.

Қазақстан • 27 Шілде, 2022

БАҚ туралы жаңа заң жобасы: Өзгеріс пен трансформация уақыты

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі сөз болғанда көбіне ел мүддесі, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік және идеология тұрғы­сы­нан қараймыз. Бұл ретте медианың қоғамдағы қызметін кеңірек қарас­тырғанымыз жөн болар. Қазіргі таңда бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Өйткені бұқаралық ақпарат туралы жаңа заң жобасы қоғамдық талқы­лау­дан өтіп жатыр. Әлбетте, масс-медиа саласындағы мәселелер сөз болғанда қоғамдағы әр пікір маңызды.

Туризм • 27 Шілде, 2022

Имантау-Шалқар курорттық аймағы экологиялық туризмді дамыту орнына айналады

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстан облысының Иман­тау-Шалқар курорттық айма­ғында жаңа туристік маусым­ның ашылуы аясында турбизнес, әкімдік және экология ми­нистрлігі өкілдерімен кезде­су өткізді. Тараптар саланы дамытуға арналған перспек­тивалық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Әдебиет • 27 Шілде, 2022

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?»

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оң­түстікке сапарын баян­дай­тын «Қазақ баласы оқы­дым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма?!» деген қол­жазбасының мәтінін бая­науыл­дық мәшһүртанушы Алтынбек Құрманов 2013 жылдың 27 қарашасында «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған болатын. Аталған қолжазбада Мәшһүр Жүсіп Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен хазірет, ұстаз деп атайды және пір тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты аша түседі, оның «Зикзал»(«Жұлдызнама») атты еңбегін аса құнды туынды деп бағалайды. Таяуда Алтынбек Құрманов өзінің Иманғали Мәненұлы деген атасынан қалған архивтен Мәшһүр Жүсіптің Бекасыл Биболатұлы туралы «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?» деп аталатын тағы бір естелігін тауып, ре­дак­цияға жолдапты. Естелікте Бека­сыл Биболатұлының дене тұрқы, ата шежіресі, қасиеті, ұста­ны­мы, үлгілі істері мен қазақ пен қыр­ғыз арасындағы туындаған дау­ға бітімгершілік жасағаны туралы тың деректер келтірілген. Аталған естелікті Иманғали Мә­ненұлының 1948 жылы Таш­кент қаласы мен Қасқасуға (қа­зіргі Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Қасқасу елді мекеніне) сапары туралы әңгіме­сі­мен қоса жариялауды жөн көрдік. Ол әңгімеден сол кездегі кеңестік саясаттың ащы табы мен Мәшһүр ұрпақтарының аманатқа адал екені анық сезіліп тұр.

Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Мемлекетаралық интеграциялау мәселесін пысықтауға шақырды

Алматыда Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар бойынша БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жұмыс тобының 3-ші сессиясы өтті. Кездесуге қатысушылар 2021-2022 жылдардағы жұмыс қорытындыларын шығарды және тұрақты даму үшін СПЕКА инновациялық стратегиясын іске асыру тетіктерін талқылады.

Руханият • 27 Шілде, 2022

Кітап өтпейді емес, жетпейді...

Алып шаһардың екіаяқты адамдары мен төрт аяқты көлігі сеңдей сапырылысып, ары да бері тынбай қайшыласқан орталық көшелерінің қақ ортасында қаламгерге өзі бұрыннан білетін тілеулес серіктесі кездескен. Жай сұрасып, жөн біліскеннен кейін әңгіме тізгіні төтесінен әдебиетке ауысып еді.

Қоғам • 27 Шілде, 2022

Өңір басшылығынан көмек күтеміз

Біз, Қызылорда қаласындағы Қайнарбаев көшесінің тұрғындары көшеміздегі кір-қоқыстан айтарлықтай зардап шегіп келеміз. Оған асфальт төселмеген, әсіресе жаңбырлы күндері лай-батпақтан аяқ алып жүре алмай қаламыз.