Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20496 материал табылды

Қазақстан • 25 Шілде, 2022

Жаңа, орнықты Қазақстанның дүниеге келуі

«Diplomatic World» («Дипломатия әлемі») – дүниенің дипломатиялық астанасы саналатын Брюссель қаласында француз және ағылшын тілдерінде 20 мыңнан астам таралыммен шығатын, электронды нұсқасы бүкіл жер жүзіне тарайтын халықаралық бизнес-журнал. Басылым бетінде Қазақстанға қатысты материал­дар да жарияланып тұрады. Мысалы, өткен жылы журнал біздің еліміздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес COVID-19 вирусына қарсы өз вакцинасын шығара бастағанын және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған вакцинаның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымында тіркелгенін разылықпен жазды. Таяуда бұл беделді басылым Қазақстан жайында тағы бір салмақты мақала жарияланды. Белгілі бельгиялық сарапшы Альберто Туркстраның талдамасында Қазақстанның сын сағатта сыр бермегені, қаңтар қасіретінен кейін елдің көпвекторлы сыртқы саясатының әлеуеті таусылады деген болжамдардың теріске шыққаны, Еуроодақпен екіжақты сауда көлемін анағұрлым арттырып, пандемияға дейінгі деңгейге жақындатқаны, көмірсутек шикізатын тасымалдаудың жаңа жолдарын іздестіріп жатқаны жан-жақты бағаланады, «Арада небәрі жарты жыл өтсе де, біз 2022 жыл жаңа, орнықты Қазақстанның дүниеге келген жылына айналады деп сеніммен айта аламыз» деген байыпты қорытынды жасалады. Елдікті еңселену жолындағы іргелі ізденістеріміз жайында жазылған мақаланы жарияланымға бастамашылық жасаған белгілі публицист Сауытбек Абдрахмановтың аудармасымен «Egemen Qazaqstan» оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік.

Коронавирус • 25 Шілде, 2022

Коронавирус жұқтырған балалар саны көбейді

Министрліктің жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, коронавирус жұқтырушылардың 33 пайыздан астамы балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Шілде, 2022

Шенеуніктер жұмысқа орналасарда эссе жазатын болды

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу үшін шенеуніктер эссе жазатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 25 Шілде, 2022

Жүрек орталығындағы тренинг

2022 жылдың 11-15 шілдесі аралығында Жүрек орталығында респираторлық қолдау бойынша нұсқаушылар үшін симуляциялық курс өткізілді. Тренингке клиниканың ересектер мен балалар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер әртүрлі әлемдік брендтердің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары арқылы пациенттерді респираторлық қолдаудың заманауи тәсілдерімен ­танысты және манекендерде симуляциялық сценарийлерді пысықтады.

Әлем • 24 Шілде, 2022

Халықаралық сот Мьянманың шағымын қабылдамады

Халықаралық сот Гамбияның Мьянмаға қарсы ашқан «Аракандық мұсылмандарға қарсы геноцидті тергеу» ісіне қатысты шешім қабылдады. Шешімнің қорытындысы бойынша, сот Мьянманың қарсылығын қабылдамады.

Медицина • 24 Шілде, 2022

Ауырмайтын жол ізде: скринингтің маңызы неде?

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар. Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет? Тақырыпқа қатысты осы және өзге де маңызды сұрақтарға №9 Қалалық емхананың орынбасары Машат Кебисбаева жауап берді.

Руханият • 24 Шілде, 2022

Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы неге «Қатағанға» телінді?

Сүйінбай мен Қатаған айтысын білмейтін қазақ жоқ. Сол айтысты тыңдаған сайын делебеміз қозып, екі ақынның да мықтылығына таңдай қағамыз. Қанымыз қазақ болғаннан кейін бүйрегіміз Сүйінбай жаққа бұрып, екі ғасырға жуық уақыт бұрынғы жеңісімізге тояттап қалатынымыз бар. Бірақ айырқалпақ ағайын бұл айтыстың болғанына күмән келтіреді. Олардың айтуында «қырғызда Қатаған деген ақын болмаған». Қырғыз ағайынның тарихында Қатаған деген ақын болмаса, онымен Сүйінбай қалай айтысады? Демек бұл да Біржан сал мен ақын Сараның айтысы секілді белгісіз ақынның ойдан шығарып, әдеби айналымға енгізіп жіберген көркем туындысы ма? Менің қолымда әдебиеттану ғылымында таласқа түсіп келе жатқан осы мәселенің нүктесін қояр бір жәдігер бар. Ол жәдігер – атам Әуітәліп Нұрбекұлының ескі дәптерінен табылған осы айтыстың көне нұсқасы. Ол нұсқадағы Сүйінбай мен «Қатағанның» («Қатаған» деген атауды әдейі тырнақшаға алдық) образы мүлдем басқаша, әрі шындыққа жақын суреттелген.

Қоғам • 22 Шілде, 2022

Трактордың құны – шаруаның мұңы

Жергілікті мал өсірушілер төрт түлікке субсидия бөлу кезінде ұсақ шаруашылықтардың ескерусіз қалатынына наразы. Шаруалар соңғы уақытта мал азығын дайындауда қиындықтар туындағанын айтады. Шығындары шаш етектен асып, бағасы аспандап кеткен ауылшаруашылық техникаларын сатып ала алмай отыр.

Пікір • 22 Шілде, 2022

Елдер арасындағы қатынас тұрақты дамып келеді

Алдымен қазақ, қырғыз, өзбек басшылары бейресми форматта кездесті. Дастарқан басында біраз дүние талқыланғаны анық. Көп келісім мен мәселе негізі сондай бейресми форматта шешіледі.

Пікір • 22 Шілде, 2022

Аймақтағы ынтымақтастықты нығайтуға жасалған үлкен қадам

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің рөлі зор болды. Бұл – аймақтағы ынтымақтастықты дамыту бағытындағы тағы бір үлкен қадам. Ең алдымен, көпжақты біріккен платформамен шығу туралы бастама өте маңызды деп ойлаймын. Себебі көпвекторлық саясатты бір аумақ ретінде жүргізу оңайырақ болатыны сөзсіз.

Яндекс.Метрика