Кино • 18 Қыркүйек, 2025
Жаңа «Патруль», «Заманback» және «Qazaq Alemi»: Кинопоиск қазақстандық кинохиттерді ұсынды
Қазақстандық кино нағыз бұқаралық құбылысқа айналды. Енді үздік фильмдерді тек кинотеатрларда ғана емес, онлайн да көруге болады. Кинопоиск қазақстандық прокат көшбасшыларын ұсынады: отбасылық және романтикалық комедиялардан бастап, миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген, көпшілік асыға күткен премьераларға дейін.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды
Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.
Ғылым • 13 Қыркүйек, 2025
Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір
Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» атты еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды мәдени бастамалардың бірі болып табылады. Тұсаукесер Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықтың жаңа белесі әрі Ясауи ілімін халықаралық деңгейде танытудың іргелі қадамы саналады.
Технология • 12 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдап, онда айтылған мәселелердің маңыздылығын байыптадық.
ЖОЛДАУ • 09 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект цифрлы сауат ашуда жаңа стандартқа айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында цифрлық өзгерістер мен ЖИ-ды енгізудің маңызына айрықша басым мән берді. Мемлекет басшысы «Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру» стратегиялық міндетін қойып, бұл үрдістің елдің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Алтыналмас өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салып келеді: 15 жылда 227 грант берілді
Қазақстандық «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы 15 жыл қатарынан өз қызметкерлері мен олардың балаларына білім беру гранттары бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт ішінде компания есебінен 227 адам орта арнайы немесе жоғары білім алуға мүмкіндік алды, олардың 74-і оқуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Технологиялық серпіліс пен цифрлық трансформация
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауы – жаһандық тұрақсыздық жағдайында ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат. Президент бұл жолы экономикалық реформалардан бөлек, технологиялық серпіліс, инвестициялық әлеуетті арттыру және цифрлық егемендікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берді.
Заң • 29 Тамыз, 2025
Ата заң- барлық заңның бастауы
Қазақ халқының даңқты батыр перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаса керек.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Сенатор: Қазақстан әлемге келісім мен сыйластық үлгісін ұсынып келеді
Қазіргі әлем қақтығыстар мен сенім дағдарысына толы шақта, адамзатқа бейбітшілік пен өзара түсіністік бұрынғыдан да қажет болып отыр. Дәл осындай күрделі кезеңде Астана 17–18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде тағы да төрін ашады. Бұл форум тек діни көшбасшылардың емес, бүкіл әлем қауымдастығының келісім мен ынтымаққа үндеуі болмақ. Алдағы съезд қарсаңында сенатор Жанна Асанова съездің мәні мен Қазақстанның бітімгерлік бастамалары жөнінде пікір білдірді.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Биыл Конституцияға 30 жыл. Осыған орай 31 тамыз күні елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық патриоттық әндер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» атты шығармашылық кешін ұйымдастырады.