Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20370 материал табылды

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Табиғи факторларға тәуелсіз АЭС-тің рөлі алдыңғы қатарға шықты

Бүгін Қазақстанның таяу және алыс болашағы үшін өте маңызды күн. Республика халқы әлемдік ғылымның авангарды – атом энергетикасы жайлы таңдауын сарапқа салып жатыр.

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Жастар белсенді болса деймін

Сексен жасты орталап отырсам да елдің болашағы таразыға тартылатын сәттерде қарап қалуға дәтім бармайды. Сондықтан бүгін мен де ерте тұрып, референдум учаскесіне бет   алдым.

Аңдатпа • 05 Қазан, 2024

Аңдатпа

8 қазан - «Войцек» «Biken» II халықаралық театр фестивалiнің аясын­да Б.Римова атындағы Талды­қор­ған драма театрында С.Қо­жам­құлов атындағы Ұлы­тау облы­сының Қазақ музыкалық-драма театры Г.Бюхнердің «Войцек» трагедиясын ұсынады. Режиссері – М.Хабибуллин.

Қоғам • 05 Қазан, 2024

Тарих пен тағылым тоғысқан өңір

Дарқан дала төсіне, тылсым сырына бұрыннан қанық таңғажайып табиғат мекеніне сапарлау кім-кімді де сан алуан сезімге бөлейді. Көңіл алабұртып, ой сан саққа жүгіреді. Мұндай өлкенің бөлекше бітім-жаратылысын, екінің бірі аңғара бермейтін әсемдігін сезінгіңіз келсе туған жерге перзенттік көзбен қарау керек.

Салық • 04 Қазан, 2024

Салық кодексіне қойылатын талап

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді және салық жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңінен өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканың тұрақты өсуі – салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты» деді.

Аңдатпа • 04 Қазан, 2024

Аңдатпа

7 қазан - «Дауыл» «Biken» II халық­ара­лық театр фести­валi­ аясында Б.Римова атын­дағы Талдықорған драма театрында В.Гу­­ния атын­­дағы Поти мем­лекеттік драма театр­ы У.Шекспирдің «Дауылы» қойылады.

Саясат • 03 Қазан, 2024

Құндылықтарды ілгерілетуге ден қойды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді. Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды.

Саясат • 03 Қазан, 2024

Қазақстан – Ресей: Сындарлы диалог әріптестікті нығайтады

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Ресей Федерациясы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 22-отырысын өткізді.

Аңдатпа • 03 Қазан, 2024

Аңдатпа

8 қазан - «Қызыл орамалды шынарым» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» драмасы ұсынылады. Режиссері –Т.Теменов.

Үкімет • 02 Қазан, 2024

Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы

Премьер-министр Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкімет басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады.