
Саясат • 30 Мамыр, 2022
Ауғанстан мәселелері: Осы елдегі жағдайды жақсартудың бағыттары баяндалды
Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстан мәселелері жөніндегі өңірлік қауіпсіздік диалогының IV отырысына қатысты. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Референдум • 29 Мамыр, 2022
Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2022
Біз бе? Біз қараңғыдан қорқып отырған бала сияқты едік. Бабаларының мұраларын көрсетіп, бай баласындай шалқаятындардың әлемдік ортасында, «сондай бабамыз бар ма еді?» деп біз тарихтың қараңғысына үңілдік-ай келіп. Әйтеуір бұта қуалаған бұратана еместігімізді сезетінбіз. Сондай кезде күңгірт тартқан тарих-табалдырығымызды қақ жара Орхон ескерткіштерінің сәулесі кіріп келгенде, алшаң басып әке-шешеміз кіріп келгендей жылап жібердік. Әрине, іштей! Қуанғанымызды көрсетуге қорықтық!
Қазақстан • 27 Мамыр, 2022
«Сағадат саябағына» қойылған гүл шоқтары
Қарулы Күштерде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шаралары өтті.
Референдум • 27 Мамыр, 2022
Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты «Референдум – маңызды демократиялық институт» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өткізді.
Референдум • 27 Мамыр, 2022
Жұртшылықты ақпараттандыруға баса мән беру керек
2022 жылғы 26 мамырда ОРК-да референдум өткізу барысында азаматтарды ақпараттандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ОРК-ның баспасөз қызметі.
Референдум • 26 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанды жамау-жамау болған, суперпрезиденттік конституциямен құра алмайтынымыз айдан анық. Сондықтан да Президенттің Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық реформасын толығымен қолдаймыз.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2022
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
О, ол бір биіктен шырқаған ән еді!Ол бір жан-жүйеңді түгел тебірентер сөз еді.Ол бір су ішінде, мұз астында өртеп жіберетін от еді,Ол бір өліні тірілтер сиқыр еді. Ғабит Мүсірепов
Қазақстан • 26 Мамыр, 2022
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Көпті бастан кешкен ата-бабамыздың көңілінде тарқамайтын мұң болған. Оның біріншісі – ашаршылық. Табу – қазақтың қанына сіңген әдет. Бір нәрсе туралы түйеден түскендей етіп айту көргенсіздік саналған. Содан болар, үлкендер ашаршылықты – жамандық, соғысты – майдан дейтін.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2022
Жалпы, соғыстың алдында және соғыстан кейін туған буынның өмірбаяны егіздей ұқсас келеді екен. Біріміз Жетісудың жәннатында, екіншіміз Сырдың сабатында дүниеге келсек те, басымыздан кешкен енші ғұмырымыздың жақын тұстары жетерлік.