Әдебиет • 07 Сәуір, 2022
Мұхаңның «Оқулығы» мен «Жеткіншегі»
Ұлы Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетіне қатысты көркем туындылары бар ма, бар болса олар қайсысы деген мәселеге келген кезде, әдебиеттанушы қауымның ойлары көбінесе бір жерден тоғысады. Оның нақты дәлелі – мектеп оқулықтарына, хрестоматиялар мен балаларға арналған жинақтарға енгізіліп келген жекелеген шығармалары. Атап айтқанда, бірінші кезекте «Көксерек» повесі болса, одан кейінгі кезекте «Бүркітші», «Жетім» және бірер санаулы әңгімелері аталады. Әдебиет зерттеушілерімен бірге педагог ғалымдар да бұл айтылған шығармаларды Мұхтар Әуезовтің балаларға лайықты дүниелері деп тұжырымдауға бейім.
Тарих • 07 Сәуір, 2022
Биыл 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі Кейкі Көкембайұлының қайтыс болғанына жүз жыл толып отыр. Халқының азаттығы үшін күресіп, сол жолда құрбан болған батырдың ақтық демі де қапылыста үзілді.
Тарих • 07 Сәуір, 2022
Президент Қ.Тоқаевтың «Жалпы, бәріміз еңбекқорлықтың, біліктіліктің идеологиясын көтеруіміз керек. Ұлтымыз дүние жүзінде, ең алдымен, еңбекқор, жұмысқа адал ұлт ретінде мойындалатын болса, бұл экономикамызға оң әсер етеді. Масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет» деген келелі пікірінде үлкен мән-мағына бар.
Қоғам • 07 Сәуір, 2022
Адамды қайта тәрбиелеуге бола ма?
Иә, адамды қайта тәрбиелеуге бола ма? Заманынан озып туған, Ұлы, ақылман ақын Абай қайта тәрбиелеуге болады дейді.
Қоғам • 07 Сәуір, 2022
Пайыз сөзінен бас тартпағанымыз жөн
Қазақ тілі – көз жетпес көне, ықылым заманнан дамып, жетіліп келе жатқан, әлемдегі бай да әсем тілдердің бірі. Қазақ тілі сөздік қорының жылдан-жылға молайғанына, халықтың байырғы сөздері кең қолданыла бастағанына еліміздің әр ұлтжанды азаматы қуанатыны хақ.
Қоғам • 07 Сәуір, 2022
Газет – адамға ауадай қажет құндылық
Жүзжылдық тарихы бар жалпыұлттық республикалық газет – «Егемен Қазақстанның» байырғы оқырмандарының бірімін. Әр санын асыға күтіп, татымды дүниелерді тұщынып оқитынымыз бар. Әр жылдардағы газет тігінділері де мен үшін баға жетпес қымбат қазына. Әлі күнге дейін үйімнің төрінде тұр.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2022
Десантшылардың жаттығу деңгейі тексеріледі
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр. Аталған іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қолға алынды.
Сұхбат • 07 Сәуір, 2022
Кейінгі кезде монополиясыздандыру туралы айтылып жүрген әңгімелер аясында Қазақстан экономиканың тұтас салаларындағы арамтамақ операторлар мен басқа да құрылымдардан неге арыла алмай отыр? Осы көкейкесті сауалға экономист Айдархан Құсайыновтың жауап беруін сұраған едік.
Пікір • 07 Сәуір, 2022
Жаңа аймақтардың құрылуы жергілікті мәселені шешуге тиіс
Саяси реформалар – елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғырту және әкімшілік реформалар, құқықтық актілерге өзгерістер мен жаңа заңдар қабылдау туралы айтқан ұсыныстары, әлеуметтік реформалардың тиімді экономикалық тетіктерін әзірлеуге жол ашуға тиіс.
Пікір • 07 Сәуір, 2022
Жолдаудан басты түйгенім – Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық қолға алынған реформа мен қабылданатын маңызды шешімдерді Қазақстанның тұрақты дамуына арнап отыр.