Пікір • 07 Сәуір, 2022
Тәуелсіздік алған отыз жылдың бедерінде Қазақстан қалыпты ырғақпен дамып келе жатыр. 1990 жылдары Қазақстан мықты мемлекеттік құрылым, сондай-ақ жаһандық әлемде шетелдік инвестициялар есебінен елеулі экономика құра алды. Соңғы онжылдықта бұл процесс біршама баяулағаны рас.
Өнер • 06 Сәуір, 2022
Қадыр Жетпісбаев ұлттық театр өнерінде өзгеге ұқсамайтын өз мәнері мен өз стилі айқын режиссеріміз еді. Ол өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарында қазақ театрының жаңа тынысын ашқан, сахнамызға реализм мен романтика үйлесе қабысқан эмоционалды шарттылықты алып келген сол тұстағы аса талантты суреткеріміздің бірі болатын. Алпысыншы жылдары Мадиевский мектебінен шыққан Маман Байсеркенов, Есмұхан Обаев, Виктор Пұсырманов секілді қуатты өнер тарландарының қатарынан өзінің өрттей ыстық темпераментімен, сауатты сахналық стиль-мәнерімен дараланған Жетпісбаевтың Жастар мен жасөспірімдер театрында, Әуезов театрында алғашқы қадамдарына қуана қол соққан көрермендердің бірі болғаным есімде.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2022
Ұлтқа қызмет етудің үздік үлгісі
Елдік мұрат, ұлттық мүдде жолындағы істерде зиялы қауым өкілдері қашан да алдыңғы шептен табыла білді. Солардың бірі де бірегейі, нағыз зиялылықтың эталоны – Ахмет Байтұрсынұлы. Біз ұлтты сүюді, ұлтқа жанашыр болуды Ахаңнан үйренуіміз керек. Ол сөзімен де, ісімен де ұлтқа қызмет етудің үздік үлгісін көрсетті, маса болып ызыңдап, халыққа жөн сілтеді, көшбасшылық танытты. Сол үшін де халқымыз оны ұлт көсемі, ұлт ұстазы деп әспеттеумен келеді. Ұлттық мүддені көздеудің маңызы қазіргі күрделі кезеңде тіптен артып отыр. Жаңа Қазақстанды құру жолында Ахаң сынды ұлт зиялыларының өнегесін темірқазық етіп алғанымыз абзал.
Президент • 06 Сәуір, 2022
Демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне қадам бастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың The National Interest басылымында жарияланған «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласына шолу.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде Американың беделді The National Interest журналында жарияланған мақаласында «Біз Қазақстанда демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне қадам бастық», деп атап өтті.
Кино • 06 Сәуір, 2022
Әдетте, шыңырау құз-шатқалдың түбінде жатады. Шындық жолында... Шың шынға жетелейді. Тау басына өрлеген қия соқпақ, тігінен өрмелеген сүрлеу жол қарға адым жер қалғанда, шырқау биікте қалт үзіледі. Ешкім шыңыраудан (ақиқаттан) аттап кете алмайды. Кім өткел салады...
Пікір • 06 Сәуір, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зейін қойып зерделедім. Көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген күрмеуі қиын күрделі мәселелердің түйінін шешкендей.
Пікір • 06 Сәуір, 2022
Адалдық пен ашықтықтың жарқын мысалы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы ел халқының да, әлемдік қоғамдастықтың да көңілінен шықты деп пайымдаймын. Жылдың басты құжатын дер кезінде жариялау арқылы Президент өзінің ұстанған бағытын дәл уақытында айқындап берді. Осылайша, ол өзекті мәселелерді назарда ұстап отырғанын аңғартты.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2022
Ауыл шаруашылығы техникасының 90 пайызы ескірген
Сенатта «Ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірісін дамыту: жағдайы, мәселелері және болашағы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2022
Біздің халқымыз басқа өркениетті елдер секілді мәдениеті дамыған ұлт. Қазақта «би билеу» деген түсінік ежелден бар. Бізге көнеден жеткен билердің сарқыты «Буын би». Осы биді 1986 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданынан Өзбекәлі Жәнібеков алдырған екі жұмыскер ағамыз біздің ансамбльге көрсеткен еді. Оны хореограф Талант Қылышбаев жақсы біледі. Сондықтан ұлттық би өнерінің тарихын тереңірек қозғап, парасатты сөз айту үшін осы салада еңбек етіп жүрген білікті мамандардың, өнертанушы ғалымдардың ой-пікірін ұсынып отырмын.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында бұрынғы Семей облысын Абай облысы деп қайта құру туралы ұсынысын естігенде бөркімізді аспанға атып, қуанғанымыз сонша, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай болды. Ендігі арман-аңсарымыз – бұрынғы облыс құрамында болған аудандарды қайта жасақтау кезінде Мақаншы өңірі қайта аудан болып құрылса деген тілек.