
Энергетика • 05 Сәуір, 2025
«Самұрық-Энерго» 2032 жылға дейін 14,3 Гвт жаңа қуат көздерін іске қосады
Астанада «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шараға кеңес төрағасы Болат Жәмішев, қор мен «Самұрық-Энерго» компаниясының өкілдері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Қорға қарасты «Самұрық-Энерго» ұйымының өкілдері компанияның 2024 жылдағы қызметі бойынша есеп беріп, алдағы уақытқа арналған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ жиында ұйымның жүзеге асырып жатқан ірі жобалары, саладағы негізгі мәселелер талқыланды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2025
«Жеңіл ақша» тұзағы: дроппер болудың салдары қандай?
Кейінгі жылдары интернет-алаяқтық пен көлеңкелі экономикада «дроппер» деген сөз жиі кездеседі. Бұл терминді киберқауіпсіздік тақырыбында да, қылмыстық жаңалықтардан да жиі естиміз. Дроппер деген кім және оның қызметі неге заңсыз? Осыған қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былай дейді.
Басылым • 05 Сәуір, 2025
Елдіктің естелігі (Толғау мен талдау)
Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов қалың жұртшылыққа бір емес, екі кітабын ұсынып отыр. Бұл жинақтар мазмұндық жағынан да, тақырыптық тұрғыдан да өзара сабақтас. Екеуі де басқару жүйесінде ұзақ жыл қызмет істеген, тәуелсіздіктің кірпішін қалауға аянбай атсалысқан тәжірибелі саясаткердің қолынан шыққан. Екеуі де талайлардың маңдай тері тоқтамай төгілген мемлекет ісіне арналған. Екеуі де егемендік рухында, мемлекетшілдік ыңғайында жазылған. Бір-бірінен айырмашылығы – алғашқысы жеке адам туралы дүние болса, екіншісі ел дамуының белестері жөніндегі ой-тұжырымдар. Яғни біреуі – ердің сипаты, екіншісі – елдің тұрпаты жөніндегі толғамдар.
Мектеп • 05 Сәуір, 2025
Тарихы сонау XX ғасырдың ортасынан бастау алатын Мырзашөл өңіріндегі алғашқы білім ошақтарының бірі – Түркістан облысы Жетісай ауданы Жылысу ауылдық округіндегі ұлт зиялысы, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай атындағы №26 орта мектеп туралы айрықша айтуға болады.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2025
Кеңестік дәуірдің кемел қаламгері, үлкен ақын Расул Гамзатовтың «Отан туралы жыр» дейтін шағын толғауы бар. Осыны қарасөзбен тәпсірлесек, ертеде бір аңшы кішкентай құсты ұстап алып, алтын торға қамап қойыпты.
Қоғам • 04 Сәуір, 2025
Қазақстан және Қырғызстан шекарасында 16 наурызда басталған «Тосқауыл – 2025» бірлескен операциясы 12 сәуірге дейін жалғасады. Операция ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек, Қарасай аудандары бойынша шекара басқармаларының аумағын қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 04 Сәуір, 2025
Қалжыңы мықты құрдастар (Эссе)
Қазақ поэзиясының шынайы дүлдүлі Тұманбай Молдағалиев туралы айтар әңгіме көп. Жаны жайсаң ағамыздың қасында біраз жыл бірге жүріп, көңіл сырын өз аузынан талай тыңдаған бізде де арман жоқ шығар. Өз басым Тұмағаңдай ұлы ақынның көзін көріп, тірлікте жылы сөзін көп естігенімді мақтанышпен еске аламын, тағдырымның ерекше сыйы деп санаймын. Менің «Кие» атты жыр кітабыма Тұмағаң сияқты ғажайып сөз зергерінің өз тілегі бойынша алғысөз жазып қалдырғанын шығармашылық жолымдағы ең бақытты оқиға ретінде бағалаймын.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Толғауы тоқсан майдан тақырыбы
Әлемді дүр сілкіндірген, әлемнің геосаяси картасын қайта жасақтауға әкелген Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында терең із қалдырды. Бес жылға созылған, миллиондаған адамның тағдырына әсер еткен, жазықсыз ажал құшқан, өмірмен ерте қоштасқан қаншама жандардың осынау әлемдік апаттан сырт қалғаны некен саяқ.
Үкімет • 04 Сәуір, 2025
Өңірлердің өндірістік қуатын арттыру маңызды
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет жанындағы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысында Қостанай және Ақмола облыстарының ірі инвестициялық жобалары мен экономикалық дамуы қаралды.
Көрме • 04 Сәуір, 2025
Таңсықбаев туындылары – Алматы төрінде
Ташкентте қазақ тілінде шығатын республикалық «Нұрлы жол» газетінің тілшісі Айгүл Еркінбайқызы әлеуметтік желі арқылы бір сілтеме жіберіпті. Әйгілі суретші Орал Таңсықбаевтың Алматыда ашылған көрмесі туралы өзбек тіліндегі шағын ақпарат екен. «Арнайы іздеп келіп жазған едіңіздер ғой. Сауапты іске үлкен үлес қосқан екенсіздер. Таңсықбаев та бір аунап түскен шығар», депті қандасымыз бізге жазған хабарламасында. Расында да, Орал Таңсықбаев туындыларын отандастарымызбен қауыштыру туралы мәселені алғаш көтерген ел газеті «Egemen Qazaqstan» еді.