Әдебиет • 03 Сәуір, 2022
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали туралы кинофильм түсіру көрнекті кинорежиссер Болат Қалымбетовтің пешенесіне бұйырған екен.
Өнер • 03 Сәуір, 2022
Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы
Биыл қазақтың ұлы әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы – Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев әйгілі әншінің атын ұлт жадында мәңгілік сақтау үшін еліміздің руханият пен мәдениет саласына бірқатар тапсырма бергені белгілі. Соған орай Отанымыздың үлкен қалаларындағы мәдениет ошақтарында атаулы датаға байланысты іс-шаралар өтті. Елордадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігіне Роза Бағланованың аты берілді. Әншінің костюмі, марапаттары, тұтынған заттары Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік музейге қойылды. Осынау игілікті істің басы-қасында жүрген мәдениет майталмандары – Жеңіс Сейдоллаұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлы сынды азаматтардың әнші тойына қосқан үлестерін айта кеткен артық болмас. Екі ғасырдың куәсі, аты жарты әлемге жария болған Роза Тәжібайқызының шығармашылық жолы жарқын болды. Десек те өмір даңғылында тағдырдың «тар жол, тайғақ кешуін» көп көрген қазақтың қаһарман қызының ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына сіңірген зор еңбегі туралы осы бір мөлтек мақаламызды арнағымыз келеді.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2022
Бұл осыдан 30 жыл бұрын қыркүйек айында болған еді. Мен ол кезде Жалағаш поселкелік Советі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқаратынмын. Кезекті еңбек демалысына шығып, Талдықорған облысындағы «Қапал-Арасан» атты санаторийде демалғанмын.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Жаңару жасандылықтан арылудан басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жаңа Жолдауында биылғы қаңтар оқиғасы жайлы ашық сөз болды. «Депутаттарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жауап берілді... біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл – менің жеке қағидатым», деген Президенттің сөз бен істің бірлігін дәлелдеуі, халықты тыңдайтын мемлекет құруға деген оң қадамы көңілге жақсы әсер етті.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Жаңа қоғам құру жолындағы серпіліс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы жоспарлардың, ауқымды міндеттердің легін айқындап, нақтылап берді. Онымен қоса, елімізде үш бірдей облыстың ашылатыны сүйіншіленді. Бұл бастамалар ел-жұрт тарапынан кеңінен қолдау тапты.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Саяси реформалардың тұжырымдамалық негізі
Жұртшылықты біраздан бері елеңдетіп отырған ел Президентінің Жолдауы қоғамдық-саяси өміріміздің аса күрделі мәселелеріне арналған бағдарламалық тарихи құжат болды деуге болады.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Мәжілістің жауапкершілігі артады
Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешіміне негіз болатындай ұсыныстар қамтылды. Ең біріншісі, қазақ үшін сүйінші жаңалық – Алаш зиялыларының негізгі саяси орталығына айналған Семей өңірінде Абай облысының құрылуы.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Демократиялық мемлекет құру – басты ұстаным
Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті ретінде түрлі оқиғаларға толы үш жылды бастан өткерді: Шартарапты жайлаған пандемия, елдегі табиғи және басқа апаттар, мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс және соңғысы – Ресейдің Украинаға басып кіруі салдарынан туындаған қиындық.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын бірнеше мәрте тыңдадым. Өз ойымды достарыммен, әріптестеріммен бөлісіп, талқыладық. Бір ғажабы, бәрінің де пікірі оң болды.
Пікір • 01 Сәуір, 2022
Аймақтарды дамытудың айрықша қадамы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, көп әрі маңызды бастамаларды алға тартты. Ең бастысы, бұл реформалар сараланып, сарапталып барып ұсынылғаны анық.