Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20503 материал табылды

Пікір • 30 Наурыз, 2022

Саяси жүйені жетілдіру жолындағы қадамдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдаудан түйген ең басты ойым, ол – бар билікті бір адамның қолына беріп, бәрін бір тұлғаға тіреп қойған бұрынғы жүйеден бас тартуға ұмтылуы деп айтар едім. Бұл жеке бастың қамы емес, бүкіл елдің болашағы үшін жасалған қайырлы қадам деп санаймын.

Пікір • 30 Наурыз, 2022

Елдік мүдде толғандырған шақ

Қазір күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Түрлі сынақтарды бастан кешудеміз. Қаңтар қасіреті халқымыз бен мемлекетімізге үлкен сынақ болды. Халық қашанда болашағына алаңдайды. Әрбір ата-ана өскелең ұрпақ бейбіт заманда, ашық қоғамда өмір сүріп, білім мен еңбек жолында табыстарға жетсе екен деп тілейді. Осындай сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жаңа Жолдауы халықтың сенімін нығайта түсті.

Пікір • 30 Наурыз, 2022

Жаңа Қазақстанның 10 баспалдағы

Қашан да болашаққа үмітпен қарайтын дана халқымыз Президенттің Жолдауын жылы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта елімізде орын алған ең өзекті мәселелерге талдау арқылы өзгерістер жасаудың кезеңі келгендігін алға тарта отырып, Қазақстан халқына саяси жаңғыртудың кешенді бағдарламасын ұсынды.

Пікір • 30 Наурыз, 2022

Мемлекет пен азаматтар арасындағы кедергі еңсеріледі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті кезінде жаңа мемлекет «жоғарыдан төмен» қағидаты бойынша құрылған болатын.

Пікір • 30 Наурыз, 2022

Тарихи мәні ерекше құжат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – еліміздің саяси-экономикалық дамуының нақты бағыт-бағдарын көрсететін бағдарлама. Оны тарихи-саяси мәні ерекше құжат.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Билік пен қоғамның сенімді институты

Әкімшілік әділет дегеніміз не? Бұл бір жағынан азамат немесе ұйым, екінші жағынан мемлекеттік басқару органы арасындағы жариялы-құқықтық дауларды шешудің ерекше процестік тәртібі. Құқықтық институт ретінде әкімшілік әділет атқарушы биліктің лауазымды адамдарының заңдар мен ережелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін қоғамда және мемлекетте сот бақылауы функциясын орындайды.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Digital Maman жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарлама

Жуырда Алматыда Демо күні, цифрлы маман­дықтар бойынша оқушылар өз жобаларын қорғау күні өтті. Digital Maman жобасының 40 финалисі қоры­тынды жұмыстарын ұсынып, бағалы сыйлықтарды сарапқа салды. Креативті ортада студенттер өз жобалары бойын­ша кері байланыс пен баға алып, тәжірибе алмасып, шақырылған спикерлерге сұрақтар қойды.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Салық есептілігі: PUSH-хабарламалар жіберілуде

2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Kaspi банк клиенттеріне белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттілігі туралы PUSH-хабарламалары жіберілуде. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

E-HR жүйесі арқылы 4,4 млн еңбек шарты тіркелді

2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (E-HR жүйесі) 4,39 млн еңбек шарты тіркелді, ал жүйенің өзіне 268 мыңнан астам жұмыс беруші қосылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Пікір • 29 Наурыз, 2022

Magyarnemzet.hu: «Бұл реформалар Жаңа Қазақстанның іргетасын қалайды»

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауында президенттік жүйені реформалауға, Парламенттің рөлін күшейтуге, Конституцияны өзгертуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «суперпрезиденттік» басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік формаға көшуді ұсынды.

Яндекс.Метрика