Әдебиет • 18 Наурыз, 2022
«Ауруханадамын. Жұмыс көп. Тез жет!..»
Ағамыздың жарқын бейнесі ауық-ауық түске кіреді. Бәлкім, ол кісі де артында қалған қалың елін ойлайтын болар. Кешегі «қаңтар қасіретін» көзімен көргенде классик төсек тартып жатқанына қарамай, әлдекімнің сүйемелдеуімен бойын тіктесе де қолына қалам алып, ел тағдырына жандары ашитын бауырларына: «Айналайындар, абай болыңдар!» деп ақырғы аманатын да жазып кетер ме еді?! «Айналайын!..» Соңғы демі үзілер сәтте хал-жағдайын сұрауға барған Сәкеңе, Смағұлға тілі келмесе де көз жанарымен ымдап, «бұл «айналайынды» халқыма арнадым» дегені де бекер емес-ті.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2022
Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел азаматтары айрықша күтті. Өйткені бұл шын мәнінде әдеттегі Жолдаудан мәні ерекше, Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасы айқындалатын маңызды сәт еді.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Рауан Кенжехан: Президенттің Жолдауы - Жаңа Қазақстанның бастауы
Президенттің Жолдауын бәріміз Жаңа Қазақстанның бастауы деп қабылдадық. Бұл құжатта жаңа саяси жүйенің сұлбасы көрінгендей болды. Бірақ Жаңа Қазақстан тек жаңа мемлекет, жаңа саяси жүйе емес, бұл жаңа қоғам деген сөз. Ал жаңа қоғамды қалыптастыру, қоғамның сапасын өзгерту мемлекеттік және саяси жүйенің сапасын өзгертуден әлдеқайда қиын.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Айгүл Сәдуақасова: Жолдаудағы реформалар қоғамдағы өзгерістермен тікелей байланысты
Қазір Жолдау бойынша қоғамда көптеген ой-пікір айтылып жатыр. Ең бастысы, Жолдауда қоғамның да, биліктің де қызмет ететіні, ең басты құндылық – адамға басымдық берілді.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Қайырбек Арыстанбеков: Жолдауда ұлттық мүддеге бағытталған саяси бастамалар көп қамтылған
Ахмет Байтұрсынұлының мынандай бір жақсы сөзі бар. «Ел басшысы, мемлекет басқаратын адамдар шаруашылықты жақсы біліп, жақсылықтың диқаншысы болуы керек» деп айтқан екен. Сондықтан кешегі Жолдауда Ахаңның доктринасынан туындайтын ұлттық мүддеге бағытталған, саяси көптеген бастама айтылды.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Саясат Нұрбек: Жолдау парламентке зор жауапкершілік жүктейді
Өкінішке қарай, кейінгі жылдары біздің ел тежелген және теңестірілген жағдайда тұр. Неге десеңіз, Президент институты өте салмақты болғандықтан тежелімді және теңгерім тепе-теңдігі бұзылды.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Дихан Қамзабекұлы: Ұлттық идеологияны ұлттық мазмұны бар ғылымдар жасайды
«Ұлттық мүдде» атауымен жаңа алаңның ашылуы және оның Сенаттың жанынан жұмыс істей бастауы бір жағынан ойландырады. Екінші жағынан, үлкен жауапкершілікті үстемелей түседі. Біз білім саласында жастармен жұмыс істегеннен кейін келешек ұрпақтың мақсат-мүддесін білеміз.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Жақсыбек Құлекеев: Жоғарғы аудиторлық палата тәуелсіз орган болуы керек
Кешегі Жолдау – үлкен тарихи оқиға. Себебі маңызды құжатта айтылған мәселелер саяси өзгерістерге бағытталған. Конституцияға енетін өзгерістердің барлығы өте күрделі. Мұның барлығы өте түбегейлі өзгерістерге әкелетіні күмән келтірмейді.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Айдос Сарым: Бұл Жолдау ұлттық және қоғамдық келісімдердің жиынтығы
Соңғы кездері осындай қазақтілді ортаға арналған жиын көп болып жүрген жоқ. Сондықтан «Ұлттық мүдде» диалог алаңының құрылуы – жақсы үрдіс деп есептеймін.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Мәулен Әшімбаев: Саяси мәдениетті нығайтуда зиялы қауымның рөлі маңызды
Қазіргі таңда елімізде үлкен тарихи кезең басталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруды қолға алдық. Бұл күрделі өзгерістердің жеделдеуіне Қасіретті қаңтар оқиғасының да әсері зор болғаны белгілі. Ендігі жерде өткен қайғылы оқиғаларды сараптап, олардан дұрыс қорытынды шығару аса маңызды.