Президент • 07 Ақпан, 2022
«Олимпиадалық дипломатия» немесе Президент Қ.Тоқаев Қытай еліне қалай барып қайтты
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор. Қытай халқы Барыс жылын үлкен қошеметпен қарсы алды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Жаңа Қазақстанның басты принципі әділеттілік болуға тиіс
Бейбіт шерулермен басталып, ақыры қантөгіспен аяқталған «Қасіретті қаңтар» қоғамда жылдар бойы қордаланған кемшіліктерді, өзекті мәселелерді ашып көрсетіп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде «Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», деп үндеу тастағаны белгілі. Осы орайда, Президент айтқан жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Еліміз дамудың қандай бағытын ұстанғаны жөн? Тоғызыншы территорияның қауіпсіздігін нықтап, халықтың әл-ауқатын қалай көтереміз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырған едік. Оған саясаттанушы-әлеуметтанушы Серік Бейсембаев, білім беру мамандығы бойынша PhD Лаура Қарабасова, әлеуметтанушы Исатай Минуаров, қаржыгер Жасұлан Кушебаев секілді сарапшылар қатысты.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Әдебиет • 06 Ақпан, 2022
Әдебиет • 06 Ақпан, 2022
Әдебиет • 06 Ақпан, 2022
Әдебиет • 06 Ақпан, 2022
«Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ
«...Нұрпейісов пен Әуезовті салыстырғанда тым қарапайым болудың қажеті жоқ, өйткені «Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ. «Абай жолы» романын белгілі бір деңгейде Гетенің «Вильгельм Мейстерімен» қатар қоюға болады.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Аралда туып, Алаштың абызы болған Әбенің қазасы баршамызға қайырлы болсын! Иә, өмір заңы – келу, кету. Шүкір! Тәубе! Бәрін көрді. Барын берді Ұлы үлгі қалдырды. Жоғары рухани планка (меже) қойып кетті. Соңғы рет кездескенде маған сыйлаған «Соңғы парыз» кітабына «Бұл менің ғасырмен, уақытпен есеп айырысқан еңбегім» деп жазыпты. Қандай ірі сөздер десеңізші!
Қазақстан • 06 Ақпан, 2022
Әбдіжәміл ағамыз дүниеден өтті дегенде, менің есіме ол кісінің кейбір ерекшеліктері түсті. Жалпы, ол кісі біреуге жақса, біреуге жақпайтын. Басқа жазушыларға қарағанда ерекше көзге түсіп тұрады. Мысалы, біз, жазушылардың бәрі, әуелі әңгіме жазамыз. Одан кейін повесть, хикая жазамыз. Әбден шыңдалғанда барып романға бет бұрамыз ғой. Бұл кісі прозаға бірден «Курляндия» деген романымен келді. Соғысқа қатысып келгеннен кейін «Курляндия» романын жазып, жариялады.