Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20509 материал табылды

Технология • 28 Қаңтар, 2022

Қалаларды цифрландыру 2024 жылы аяқталады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, биыл Ақтөбе, Арыс, Қарағанды, Лисаков және Өскемен қалалары цифрландырылады.

Қоғам • 28 Қаңтар, 2022

Пойыз машинистеріне арналған мобильді қосымша өндірістік қауіпсіздікті жақсартады

«Қазақстан темір жолы» АҚ пойыз машинистеріне арналған мобильді қосымшаны іске қоспақ. Оның негізгі міндеті – тиімділікті арттыру және локомотив бригадаларының жұмысын же­ңілдету. Қосымшаның көрсетілімдік нұсқасы Шымкент, Ақ­төбе бөлімшелерінде және елордалық депода өткен көш­пелі ке­­ңес­тер барысында депо қызметкерлерінің назарына ұсыныл­ды.

Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022

Байлығы – білім, еңбегі – ғылым, өнегесі – ілім

Бүгінде қазақ мұнайының жүз жиырма жылдан астам тарихын барласақ, қазақ жерінде мұнай өндірісінің қалыптасуына және дамуына еңбек сіңірген мыңдаған отандасымыз тәуелсіз еліміздің гүлденуіне, экономикалцық қуа­ты­на негіз болып отырған мұ­най өндіру саласының «Алтын кіта­бын» өздерінің ерен де даңқты ең­бек­терімен өшпестей етіп жазды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022

Ауылдастар құрметіне бөленген

Үржар ауданының Көлденең ауылдық округіндегі «Юбилейный» ЖШС-і ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Серіктестік соңғы үш жылда ауданға 8 млн теңгеден астам инвестиция тартты. Мамырбек Қарашев жетекшілік ететін серіктестіктің 7 мыңнан астам гектар жерінің басым бөлігі егістік болса, 2 мың гектары – шабындық пен жайылым.

Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022

Өмірде өнегелі ізі қалған

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты ақын, халқымыздың болмысы бөлек бірегей тұлғаларының бірі Кәкімбек Салықовтың туғанына тоқсан жыл толды. Осыдан он жылдай бұрын дүниеден озған айтулы азаматтың өзі жоқ болса да, өмірдегі ізі, сабырлы мінезі, ел дегенде елеңдеп тұратын елгезек қасиеті, жақынға жанашырлығы жадымнан өшкен емес. Қайта, жыл өткен сайын ол кісіні сағынып есіме жиі аламын.

Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022

Бейбітшіліктен артық құндылық жоқ

«География елдің саяси мінезін қалыптастырады» деген теория бар. Оны америкалық жазушы, саясаттанушы Роберт Каплан The revenge of geography кітабында баяндайды. Оның тұжырымы бойынша географиялық орналасу жағдайы барлық елдердің саяси мінез-құлқы мен табиғатына күшті әсер етеді. Бұл тұжырыммен келіспеске болмас.

Ауыл • 27 Қаңтар, 2022

Ауылда «Шаңырақ» бой көтерді

Еліміздің аса бір қасиетті де қас­терлі аймағы – Сарыарқа. Ал осы Сарыарқаның Жаңаарқасында ата бабаларымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартқан, қазаны ошақтан түспей қайнаған, бал қымызы қазіргі таңда брендке айналған, Сарысуы аққан сары даласында Түгіскен ауылы орналасқан.

Білім • 27 Қаңтар, 2022

Білім сапасын арттыруға арналды

Білім саласындағы аса маңызды міндеттің бірі – ауыл мектептерінің сапасын көтеру. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назарда ұстап отыр. Осы орайда өткен жыл­дың соңында Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (WCCES) журналында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Педагогикалық ғы­лым­дар ака­демиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың «Оқушылардың білім сапасын арт­тырудағы ішкі резервтің рөлі» атты мақаласы жарияланғанын атап өту керек.

Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022

Абыройы асқақ академик

Белгілі ғалым Сағат Жүнісбековтің жолы жастарға үлгі. Ғылымға ден қойған жанның болмыс-бітімі де ерекше болады. Оның жандүниесінің тереңдігі, кең ойлап, қысқа қайыратыны, сабыр мен төзімділігі, еңбекқорлығы бәрі-бәрі – ғылым жолын таңдаған адамға керек қасиеттер. Бұл оған өмір жолындағы қиындықтарды жеңуге көмектесті, көздегеніне жеткізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Механика және машина жасау» кафедрасының профессоры Сағат Жүнісбеков жайшылықта ғылымда қол жеткізген табыстары туралы айта бермейді.

Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022

Жаңа Қазақстан құру – тәуелсіздікті нығайту кепілі

Президент «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде халықты қырғыннан аман алып қалу мақсатында батыл қадам жасады. Егер теріс пиғылдағылардың жалпақ жұрт куә болған қанқұйлы әрекеттеріне қарсы шұғыл түрде қатал шара қолданбағанда, дәл бүгінгі таңда ел ішін бүлік билеп, бейкүнә бейбіт тұрғындар зардап шегіп, тәуелсіздігіміздің іргесі шайқалатыны сөзсіз еді.

Яндекс.Метрика