
Зерде • 02 Тамыз, 2024
Алаш полкінің командирі Адамбек Бекмұхаметов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Еліміздің Қытаймен шекаралас Шығыс шетіндегі шағын ғана Зайсан қаласында орналасқан, ескерткіш тақта орнатылған осы бір көне де еңселі ғимараттың бір жарым ғасырлық тарихы мен тағдыры бүкіл өңір тарихымен астасып жатыр. Ол еліміздегі Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірінен де жақсы сыр шертеді деп айтуға болады. Жұртқа түсінікті болу үшін әңгімені сәл әріден бастауға тура келеді.
Бизнес • 02 Тамыз, 2024
Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады
Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы қаулыға қол қойды. Естеріңізде болса биылғы сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруге тапсырма берген еді. Оқу орны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.
Сатира • 02 Тамыз, 2024
Мен деген... «Мен мен едім, мен Нарында жүргенде...» деп айтатын мен емес, қарапайым еркекпін. Онымды өзім де мойындаймын. Заман өзгеріп, нарық келіп, еркектен еркелік те, билік те кеткеніне өз басым өкінбеймін. Заманға бейімделіп, бар тірлікті дөңгелете өрге оздырған қатынға... ойпыр-ай, қатыны несі, естімесін, еркелете айтсам, қатышқа ризамын.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2024
Көзден кетсе де, көңілден кетпейтін азамат
Иә, «Көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген қазақ атамыздың сөзі бар. Көптеген замандастың көңілінен кетпейтін, көпшілік арасында «алтын қолды дәрігер» атанған арлы да дегдар азаматтың өмірден озғанына 40 күнге таяп қалыпты. Ол – дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, республикамыздың хирургтер қауымдастығының төрағасы Манас Ахметжарұлы Сейсембаев.
Құрылтай • 02 Тамыз, 2024
Құрылтай ұлттық диалогті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып отыр. Басқосу еліміздің болашақ дамуына қатысты халықтың үні мен көзқарасының әлеуметтік-мәдени алуандығын білдіретін елеулі қоғамдық институтқа айналды. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидасы тиімді жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2024
2022 жылғы конституциялық референдумды қоғамның қабылдауы
2022 жылы 5 маусымда ел тарихында үшінші жалпыхалықтық референдум және Конституцияға түзетулер енгізу бойынша екінші рет конституциялық референдум өткізілді. Осылайша суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқару нысанына көшу, билікті монополиядан арылту, қоғамдық-саяси және құқықтық институттарды одан әрі дамыту бағыттары белгіленді.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2024
Бүгінде білім алмаған адам кемде-кем. Бірақ білімнің де білімі бар. Осы тұрғыдан келгенде, Мейрамбек Әлнәсірұлына Жаратқан таңғаларлық қасиет дарытқан еді. Ол жастай әділеттілікті, шындықты дәріптеді, сол жолдан таймайтын азаматтарды жоғары бағалады. Тәкаппар адамды жан-тәнімен ұнатпады.
Қазақстан • 31 Шілде, 2024
Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп
Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Спорт • 31 Шілде, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бақ сынау үшін Астанаға 100-ден аса елден 3 мыңға жуық қатысушы, солардың ішінде әйел спортшылар да келетіні анық. Біздің елде де ұлттық спорттың қарқынды дамуына өз үлесін қосып жүрген әйелдер саны жыл сайын артып келеді. Биыл көктемдегі есеп бойынша 170-ке жуық әйел тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату және жамбы атудан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр екен.
Мектеп • 30 Шілде, 2024
Жайлы мектептердің жайы қалай?
Елімізде апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңыздылығын асыра бағалауға болмас. Алайда, Президенттің бастамасын жүзеге асыру барысы көп жағдайда әділетсіз сынға жиі ұшырап жатады. Сонымен, заманауи білім ошақтарының құрылысы қалай жүріп жатыр? Желідегі сынның ақ-қарасын ажыратып, мән-жайды анықтау үшін Egemen.kz редакциясы жайлы мектептердің құрылысына жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға сауал жолдады.