
Руханият • 30 Шілде, 2024
Кіндігіміз бесінші атадан қосылатын қаным еді. Ана Алтайдың екі жағына қақ бөлініп қалған Хангелдінің ол кісі Моңғолия бетіндегі көшін бастап, мен Қытай шекарасынан асып Астанада қосылып едік. «Қанымсың ғой», деп қатты қысып еді тас жібіткен ыстық құшағына! Қаламымен ғасыр көшірген қайран ғұлама! Бумын, Тоныкөк қағандардың рухын жеткізіп еді, ана топырақтан атажұртқа! Күлтегіннің көк тасын көтеріп, Астана төріне орнатуға атсалысқан еді. Ата домбыраның жұпар үнімен сүйсіндіріп еді дүйім қазақты!
Руханият • 30 Шілде, 2024
Қаржекем өтті дүниеден... Киелі Кең-керіс, Ақтермел, Алтай-Саян, Сарыарқа, Өтүкен қойнауы, кең өткелді Керулен өксіп иен қалғандай. Тәңір-Ақпан таулары аһ ұрып күрсінгендей. Көгмен асуында найзағай жарқылдап, аспан көз жасын төккендей. Түркілік рухтың қабағына кірбің түскендей. Бөклі шөлінде бөрілер тұмсығын аспанға білеп ұлып, Жарыс жазғанда Күлтегіннің он түмен қолы атынан түсіп аза тұтқандай...
Руханият • 30 Шілде, 2024
Қаржаубай Сартқожаұлы – саналы ғұмырын ұлт мұратына арнаған тұлға. Ғылым жолы алып мұхит болса, сол мұхиттың түбіне бел шешіп сүңгіген аздың бірі еді.
Қоғам • 30 Шілде, 2024
Жуырда академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне ғалымның 125 жылдығы және әйгілі археолог Кемел Ақышевтың 100 жылдығына орай Кемел Ақышевтың немересі Мая Әлішерқызы келді.
Жемқорлық • 27 Шілде, 2024
Жемқорлықты жүйелі күрескен жеңеді
Өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті іштен жоюдың бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының бір тармағы да осы қоғамның жегі құртымен жұрт болып күреске бағытталған.
Білім • 27 Шілде, 2024
Қазір қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – ұрпақ яки бала тәрбиесі. Бұған ел ертеңін ойлаған әрбір азамат бейжай қарамайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым ұрпақ тәрбиесіне жауапты болуды жүйелі ескертіп-ақ жүр. Мұны Ұлттық құрылтай мінберінен де айтты. Бір сөзінде: «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген-ді. Осы жағынан келгенде, бар салмақ ата-анаға түседі. Өйткені бала тәрбиені алдымен отбасында алады. Отбасында не көрді, не түйді – соны бойына сіңіреді. Бұл ретте сан ғасыр жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиеміздің рөлі зор. Елдік тәрбиенің қайнарына қанып өскен өреннің танымы да терең. Әсіресе қазақ отбасында ата-әже, әке-шеше, бауыр деген ұғымдардың орны бөлек. Қоғам, уақыт өзгерді дегенімен, ұлттық тәрбиеден ажырамаған жөн. Бұған өз ұлтының дәстүрі мен болмысын сақтаған әлем елдерінен көп мысал келтіре аламыз. Сонымен қатар Президенттің «Адал адам» тұжырымдамасы да хакім Абайдың «Толық адам» ілімімен үндеседі. Осы ретте біз бүгін қазіргі жас ұрпақты адалдыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке қалай тәрбиелейміз, сондай-ақ қоғамдағы ысырапшылдық секілді келеңсіз көріністерді қалай тоқтатамыз деген мақсатпен дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, оған елімізге танымал тұлғалар – тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, белгілі дипломат, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, ардагер-журналист Сайраш Әбішқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов секілді азаматтарды шақырдық.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Көктемгі төтенше жағдай су басқан өлкелерді ғана емес, бүкіл халықты алаңдатты. Қиын-қыстауда ағайын береке-бірлігін тағы бір көрсетіп, апат аймағындағы жұртшылыққа ел болып көмек қолын созды. Сол кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың ескерусіз, қолдаусыз қалмайтыны туралы жариялаған үндеуі есі екеу, түсі төртеу күйдегі халықтың көңілін басқандай болды.
Тарих • 27 Шілде, 2024
Өткенге көз салсам бітті, балалық шақ, ауыл, ондағы еңбеккеш ағайын көз алдыма келеді де тұрады. Ол өлке – Арап қыратының (Арқаның қыраты. Өзімізге тау болып көрінетін) етегінде жатқан Түгіскен. Сол Түгіскенге биыл – 90 жыл. «Елу жылда ел жаңа» деген. Заманында небір қиын-қыстау күндерді бастан өткерген түгіскендіктермен бірге ауыл да жаңарып, өркендей түсті. Түгіскеннің әрі-бері тарихы туралы аға буыннан естігеніміз, оқығанымыз, қала берді ой-санада қалған бірді-екілі естеліктер бар, соны ықшамдап, өздеріңізге жеткізгім келіп отыр.
Әдебиет • 26 Шілде, 2024
Философия тарихынан біз адамға арқау болатын даналықтың, түсініктің, ғылыми және күнделікті танымның, қайшылыққа толы өмір тәжірибесінің сан қилы үлгісін таба аламыз. Есті адамға философия, әсіресе философия тарихы, көркем әдебиет сияқты өмір оқулығы сияқты. Философия тарихында өлмес, өшпес, ешуақытта мәнін жоймас рухани қазына бар. Мен, міне, алпыс жылдай күн сайын, бір кезде Лев Толстой айтқандай, Сократпен, Конфуциймен, Монтеньмен, Руссомен, Кантпен, Гегельмен, өзінен өзі түсінікті, өзіміздің би-шешендермен, Абаймен, Шәкәріммен ақылдасып, тәлім алып келемін. Мен үшін бұдан артық қарым-қатынас жоқ сияқты. Мен философия тарихынан кандидаттық және докторлық диссертация қорғадым. Батыс, Шығыс, орыс, қазақ философиясының даму жолын қарастырған, Білім және Ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына ұсынған, жер-жерде студенттер оқып жүрген 500 беттік «Философия тарихын» жаздым.
Зерде • 26 Шілде, 2024
Өткен жылғы күзде Нарынқолда игі бір іс-шара болып өтті. Ол – жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайға орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты еді. Жиын басталарда аудан әкімінің орынбасары Нұрбол есімді жігіттің: «Сіз сөйлеуіңіз керек. Дайын тұрыңыз» деген сөзін естігенде селт ете түстім. Іле бойымды тез жинап алып, ойыма тілге тиек етерлік жайттарды түсіруге тырыстым. Бұлар тума талант өмірден өткен 15 жыл ішіндегі есімі ел есінде қалса екен деген ниетпен ізбасар інілері біздің жүзеге асыруға ұмтылған тірліктеріміз еді. Соның нәтижесінде Алматыдағы Баққожа аға тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, осы қаладағы бір көшеге аты берілді.