Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20370 материал табылды

Мәдениет • 26 Шілде, 2024

Қобызды тірілткен тұлға

Әйгілі қобызшы, ұлт өнерінің қайраткері Дәулет Мықтыбай (1904-1976) – қазақ музыка мәдениеті тарихына есімі алтын әріппен жазылатын тұлға. Ол – Қорқыт (VII-VIII ғасыр), Қетбұға (XII ғасыр), Қойлыбай (XVII-XVIII ғасыр) сынды қобызшылардан үзілмей жалғасып келе жатқан мың жылдық дәстүрді жаңғыртып, ұрпаққа жеткізген, осы музыка саласын ұлттық консерваторияда биік деңгейге көтерген біртуар.

Қоғам • 26 Шілде, 2024

Қаражанбас кен орны немесе біз мұнайға қарыздармыз

Адам баласының өміріне елеулі өзгеріс әкелген табиғи байлықтың бірі – мұнай. Дүниежүзіне белгілі оқымыстылардың мұнай туралы жазбағандары кемде-кем болар. Орыстың атақты ғалымы М.Ломоносов 1763 жылы жарық көрген «Жер қабаты туралы» трактатында «тас көмір жер астындағы ыстықтың әсерінен қоңыр майлы затқа айналады» деген ой түйіндейді. Яғни мұнайдың органикалық заттардың араласуы арқылы пайда болатынын айтқан.

Сатира • 26 Шілде, 2024

Көріпкел

Күйеу баласы көп жылдан соң қайын атасымен оңашада емен-жарқын әңгімелесіп отыр.

Қоғам • 25 Шілде, 2024

Еліміздің барлық өңірлерінде «AMANAT» партиясының бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған Астанадағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және Астана қаласының басшылығы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Шілде, 2024

Қала ішіндегі ауыл

Адам баласы үшін екінші Швейцария атанған Бурабайға саяхат құру бір бақыт болса, сол мекенде өмір сүру тіпті ғажап деп санарсыз. Ал Бурабай кентінде өмір сүру қаншалықты ыңғайлы? Осыған орай бүгінгі Бурабайдың тұрмыс-тіршілігі туралы зерттеп көрдік.

Әдебиет • 25 Шілде, 2024

«Өнерде кісіліктен асқан мақсат жоқ»

Еліміз тәуелсіздік алған сонау 90-жылдардың бас кезінде әдебиетімізге бір топ талантты жас келді. Қоғамдық формацияның ауысуы алдында тұрған күрделі шақта «жыл келгендей жаңалық сезіндіріп» келген осы буынның ішінде жазушы, философ Дидар Амантай ерекше көзге түсті. Ұлттық көкжиекті әлемдікпен еркін ұластыра білген Дидар қаламынан классикалық формадан бөлек шығармалар дүниеге келді – жаңа бір танымдар, жаңа тіл, Мүсіреповше қисындар болсақ, «жаңа әуен» туды.

Зерде • 25 Шілде, 2024

Алпыс балуан

Ертіс-Баян өңірінен шыққан тарихи тұлғалардың қатарында Алпыс балуан да бар. Оның есімі мен аңызға бергісіз жеңістері жергілікті өлкетанушылар мен тарихшыларға, қазыналы қарттар мен көкірегі ояу, көзі ашық жандарға мәлім болғанымен, қазіргі жас­тар атақты балуан жайында білмеуі мүмкін. Сондық­тан оқырман қауым үшін даңқты балуанның өмір жолы ­туралы қолда бар деректерді тағы бір мәрте жаңғыртып қойғанды жөн көрдік.

Зерде • 25 Шілде, 2024

Халыққа қадірлі қайраткер

Ақмола астана болғалы бері Алашты танытуға қатысты біршама жұмыс атқарылды. Бірақ әлі де тындыратын іс аз емес. Атқарылған жұмыстар дегенде, алғаш Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаштың 30-40 тұлғасының атына көше берілгені еске түседі. Бұл шара 2000 жылдардың басынан қолға алынды. Алайда ол кезде бірізді әрі жүйелі жоспар болмай, зиялылардың есімі көбінесе Сарыарқа ауданының шеткі және күтімсіз көшелеріне берілді. Мәселен, А.Байтұрсынұлы есімі басында айтылған жақтағы шағын көшеге қойылды. Әйтеуір кейін намыс­ты азаматтардың арқасында Алматы ауданындағы жаңа да көрікті көшеге ауыс­тырылды. Ә.Бөкейхан есімі әу баста бұрынғы қысқа «Сакко және Ванцетти көшесіне» беріліп, кейін сол жағалаудағы Еңбекшілдер көшесімен ауыстырылды. Осындай түсініксіздеу жағдай біздің атамыз – Алаш тұлғасы, қайраткер, қаламгер Хайретдин Болғанбайдың атын ұлықтауға байланысты да байқалды.

Мәдениет • 25 Шілде, 2024

«Қара су»

Анам Бижамал жиі айтушы еді: «Қайғысызға қара су да ас», деп. Балалық шақта бұл сөздің ұлағатын түсінетін шама қайдан болсын. «Неге анам осы сөзді қайталай береді» деп жаратпаған сыңай танытатынмын.

Қоғам • 25 Шілде, 2024

Әжетхана ма, дәретхана ма?

Сонымен жеке ел болып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, ана тілімізді құтты орнына қондырғанымызға да отыз жылдан асты. Мемлекет тіл мәселесінде терең ғылыми, күрделі пәлсапалық терминдерді айтпай-ақ қоялық, жай тұрмыстық сөздердің өзін орнымен қолданбайтынымыз қалай?