
Коронавирус • 29 Қазан, 2021
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы төрт жылда ғана барлық ауруханалардың құрал-жабдықтарын ауыстыруға 13 млрд теңге бағытталды. Соның нәтижесінде, көптеген аурухана науқастың диагнозын дұрыс қоюға қол жеткізуде. Әсіресе облыс орталығындағы ауруханаларға озық үлгідегі заманауи жабдықтар жеткізіліп, қазір дұрыс диагнозды анықтау үшін халық Ресейдің Омбы қаласына немесе Нұр-Сұлтанға сабылуды азайтты. Алдағы уақытта облыс орталығында қосымша екі емхана тұрғызылмақ. Ал ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысан салынбақ.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін шайбалы хоккейден турнир өтті. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Медицина • 25 Қазан, 2021
Біресе бәсеңдеп, біресе қатаңдаған жаман індет соңғы кезде Солтүстік Қазақстанда қайтадан күшейіп кетті. Қазір облыс – «қызыл аймақта».
Аймақтар • 20 Қазан, 2021
Осы күндері солтүстікте май тоңғысыз, барынша жайлы, мизамшуақ қоңыр күз тұр. Қыс қамын жасап үлгермегендер қазір қызу жұмыс үстінде. Агроқұрылымдардың бәрі жиын-терім науқанын аяқтаған. Астық өсіретін шаруашылықтар бағаның тұрақтануын күтіп, өнімдерін сата қойған жоқ, бірақ өкіметке берешектерін толық өтеген. Биыл ауыр жыл болды. Жаман індет бір жақтан қысса, жаз ортасына дейін болған аптап ыстық екінші жақтан соғып, қуаңшылық болды. Құрылыс материалдары бағасының шарықтап өсуі де экономикаға өз зиянын тигізіп бақты.
Экономика • 13 Қазан, 2021
Салық салу әділетті болуы керек
Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 3 930 агроқұрылым бар. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын заңды тұлғалар (ЖШС, КС, АК және т.б) – 1 259. Бұл – барлық шаруашылықтың 32 пайызы. Ал шаруа және фермерлік қожалықтар саны – 2 671. Бұл – агроқұрылымдардың 68 пайызы.
Аймақтар • 12 Қазан, 2021
Алаш қозғалысына арналған жиын
Биыл Солтүстік Қазақстанға қыркүйектің аяғында түскен бозқырау мен қара суық халықты бірден үрпитіп жіберген.
Өнер • 08 Қазан, 2021
Сахна саңлақтары – солтүстікте
Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчилль ІІ Дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанда өзіне елдің жылдық бюджетінің жобасын көрсеткен қаржы министрінен: «Мәдениетке бөлінетін қаржы қайда?» деп сұрапты. Қаржы министрі: «Соғыс жүріп жатқанда қайдағы мәдениет?» дегенде ұлы адам: «Сонда біз не үшін соғысып жатырмыз?» деген екен. Сол айтқандай, қандай қиындықтар кезінде де мәдениет тоқырауға тиіс емес. Соның бір айғағындай болып М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры Қызылжарға алты күндік гастрольдік сапармен келіп, шынайы өнерге сусаған халықтың шөлін қандырды. Олар Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахнасында өнер көрсетті. Пандемиядан қорғану режімін сақтай отырып, күніне екі спектакль қойылды.
Қоғам • 06 Қазан, 2021
Айдың-күннің аманында Тайынша ауданының Дмитриевка ауылының 31 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен. Полицияға ұлын тауып беруді өтініп шағынған анасы жігіттің 29 қыркүйекте үйінен өзінің машинасына мініп кетіп, содан бергі үш күнде оралмағанын айтқан. Бұл арада жігіттің не себепті үйінен кетіп қалғаны айтылмайды. Бірақ оның ашумен кеткені анық. Өйткені ашумен кетпеген адам анасына жөнін айтса немесе үш күннен бері бір хабарын берсе керек еді.
Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Халық аққуды киелі құс санап, өлтіруге қимайды. Қазақ қоғамында аққуды ату ауыр қылмас, тіпті жантүршігерлік оқиға саналған.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2021
Сүт пен ет өндіруде озық тәжірибе бар
Бұрын солтүстікқазақстандық шаруалар мал өсіруге құлықсыз, тек құнарлы топырақты егіске пайдалануға құштар болатын. Тіпті егіс алқаптарын кеңіту үшін ішінара жайылымдық жерлерді, орман алқабының маңын жыртып, қосып алатын. Егінді көктемде егіп, жаз бойы бірер рет арамшөптен тазартумен ғана айналысатын шаруа күзде бұйырғанын жинап алып, астық сатумен ғана айналысты. Бұл тәулігіне 16-18 сағаттан қол үзбеуге тура келетін мал өсіруге қарағанда әлдеқайда жеңіл.