Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Күрделі жағдайға да дайындық бар
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, су тасқыны Петропавл қаласына 12 сәуірде жетуі мүмкін. Қазір қаланың төңірегіндегі барлық су басатын аудандар жарақтандырылып, дамбалар бекітіліп әрі биіктетіліп жатыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Бүгін 16:00-де Петропавл су қоймасындағы судың көлемі таңғы 08:00-мен салыстырғанда 50 см-ге көтеріліп, биіктік 806 см-ге жетті. Бұл әлі қауіпті емес, қойманың сыйымдылығы 980 см-ге дейін шақталған. Алайда тоқтаусыз өсіп жатқан су көлемі қауіп төндіріп тұр.
Халық • 11 Сәуір, 2024
Солтүстік Қазақстандағы қарғын судың қаупі алаңдатып тұр. Бұл ретте Петропавл қаласы мен кенттеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстары маңызды. Қазір Тепличная, Тері зауыты, Подгора кенттеріндегі бөгеттердің ұзындығы мен биіктігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Басты мақсат – тұрғындардың амандығы
Кеше Сергеев су қоймасында бөгеттен асқан судың биіктігі 415 см-ге жетті. Бұған дейін бөгеттен асқан судың ең биігі 2017 жылы тіркеліп, 338 см-ге жеткен. Бұл жолы одан 77 см-ге асып кетті.
Спорт • 09 Сәуір, 2024
Осы күндері Петропавл қаласындағы А.Винокуров атындағы спорт сарайында 13–15, 18–20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында грек-рим және еркін күрестен республика чемпионаты өтіп жатыр. Бұған еліміздің Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық дәрежедегі қалаларымен қатар 17 облыстан барлығы 11 салмақ бойынша 700 спортшы келді. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының намысын 101 палуан қорғайды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Солтүстіктегі ең үлкен өзен Есілдің суын бөгейтін – Сергеев және Петропавл су қоймалары. Сенбі күнгі хабарға қарағанда, Сергеев су қоймасы өзінің жобалық қуатынан 55 пайызға асып, үстінен су жүріп кетті. Судың ең жоғары биіктігі жоба бойынша 800 см болса, қазір ол 1 090 см-ге жеткен.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
СҚО-дағы Сергеев су қоймасында ағын қарқыны азая бастады
Сергеев су қоймасы - Есіл өзенінің 19 млн текше метр су өтетін ең үлкен су қоймасы. Бүгінге дейін оның плотинасынан өтетін судың биіктігі артып келді. «Казгидрометтің» хабарлауына қарағанда, бүгін таңертең ғана судың плотинадан асуы тоқтап, биіктік 415 см-ге жетті. Бұл 2017 жылғы рекордтық көрсеткіштен 77 см биік.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді
Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.
Ауыл • 05 Сәуір, 2024
Тасқынға қарсы күресте Солтүстік Қазақстан ПД өкілдері күні-түні алдыңғы шепте жүр. Әсіресе олар облыстағы су басқан алғашқы аудандардың бірі Уәлихановта белсенді жұмыс істеп жатыр.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
«Қазгидрометтің» соңғы мәліметіне қарағанда, 1-5 сәуір аралығында ауаның жылымық жағдайында қар аралас жаңбыр жауады. Бұл қалған қардың тез еруіне соқтырып, қарғын судың ағынын арттырып жібереді.